Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Денсаулық сақтау ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ



Вакцина егу қажет пе?


Алдын ала егудің денсаулыққа зиян екенін жиі естуге болады. Егуден бас тартулар да тіркелген. Кейде тіптен жаппай ақпараттандыру құралдары ретінде саналатын медицина қызметкерлерінің өздері алдын ала егудің аллергиялық реакция, екпе асқынуын беретіндігін айтады. 
Шынында да, кейде егуден кейін екпе асқынулары дамиды. Бірақ олар өте сирек тіркеледі және ол негізінен екпе жасалған жердің домбығуы түріндегі жергілікті реакция.
Мерзімінде медициналық көмек көрсету үшін, егуден кейін 30 минут ішінде, медикаменттері бар екпе жасалған кабинетте егілген адамға бақылау жүргізіледі. Егу жасалғаннан кейін 3 күн ішінде егілген адам жергілікті жері немесе оқитын жері бойынша бақыланады. Егілген адамда жалпы реакция болған жағдайда қалалық 7 аурухананың аллергологиялық бөліміне жатқызылады. 
Екпе асқынуының әрбір жағдайлары зерттеледі және себептері анықталады.
Екпелік асқынулардан болған өлім-жітім тіркелген жоқ. 
Берілген сұрақтың басқа аспектісін қарастырайық.
Аға буындағы адамдар талай адамның өмірін алып кеткен күл, қызылша, полиомиелит аурулары туралы, сал, көр соқыр, жүрек етінің қабынуы сияқты аурулардың асқыну туралы, сонымен қатар құтырма және сіреспе ауруларынан көз жұмғандар туралы ұмыта қойған жоқ. ВОЗ талаптарына сәйкес дайындалған халықты жаппай жоспарлы міндетті иммундау бойынша Мемлекетпен қабылданған бағдарлама полиомиелит, құтырма ауруларының жойылуына, күл, қызылша, көкжөтел науқастығын жекелеген жағдайларға түсірілуіне мүмкіндік жасады. 
Бірақ, соңғы жылдары Қазақстанға хал ақаулы нашар аймақтардан (Шешен, Тәжікстан) келген, жұқпалы аурулардың негізі ретінде қауіп төндіріп тұрған қашқындар ағынымен егілмеген тұлғалар келіп жатыр.
Қазақстан халқының көші-қоны ұлғайды, көбі ел шекарасынан, жұқпалы аурулармен байланысуы мүмкін шет елдерге шығып жатыр. 
Туындаған жағдайлар барлық халықты алдын ала егуден толық өткізу арқылы ғана шешілуі мүмкін. Денсаулық сақтау Министірлігімен халықты тиімді және қауіпсіз иммундауды ұйымдастыру және жүргізу бойынша санитарлық ережелер мен нормалар әзірленді және бекітілді. Алдын ала егудің жаңа күнтізбесі құрылды. 
Енді әрбір азаматтың алдында:  өте аз тіркелетін, 1-2 күннен кейін жазылып кететін егуден кейін болатын реакция қауіпті ме; әлде адам өміріне қауіп төндіретін, асқынуы        қауіпті жұқпалы аурулармен ауырған қауіпті ме деген сұрақ тұруы тиіс. 
Халық даналары: «ауруды емдегеннен гөрі, алды алуы керек» -дейді.

Дұрыс шешім қабылдаңыздар және ауырмаңыздар!!!