Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Денсаулық сақтау ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ



Аумақтық мал дәрігерлер инспекциясының сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы ақпараты


Сыбайлас жемқорлықпен күрес

Қазіргі таңда бүкіл әлем бойынша сыбайлас жемқорлық деген түсінік кеңінен тарап  кеткен.Осы жемқорлық факторларының етек алып кетуіне байланысты әлемде сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбы өзекті болып отыр. Қазір  мемлекет алдында сыбайлас жемқорлық деген не? және онымен қалай күресеміз?, сыбайлас жемқорлықты қандай тәсілдермен жеңеміз деген сұрақтар  тұр.

Біздің Қазақстан Республикасында 1998 ж 2 шілдесінде шыққан Заң бар ол "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізту", сонымен қатар жемқорлықпен күрес бойынша түрлі бағдарламалар да бар, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің Қаулысына сәйкес қабылданған  "2006-2010 жж Сыбайлас жемқорлықпен күрес" мемлекеттік бағдарламасы. Және де қазіргі таңдағы қолданыстағы  бағдарлама  2011 жылы 31 наурызда Үкіметтік қаулысымен бекітілген    "2011-2015 жж Сыбайлас жемқорлықты алдын алу салалық бағдарлама". 1997 ж 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде сыбайлас жемқорлықтық  және де басқа да құзыретті қылмыстарға арналған ауқымды тарау қарастырылған.

Ендеше,сыбайлас жемқорлық деген не? осыны анықтап алу үшін  "жемқорлық"деген сөз терминін түсіндіре кету артық болмас.

Жемқорлық (лат. corruptio - сатып алу) — мемлекеттік басқару құрылымдарындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс-әрекеттері. Жемқорлықтың жалпылама белгілері: лауазымды адамның өзінің немесе делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-әрекеті (әрекетсіздігі) үшін ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлік, мүлік құқығы немесе мүлік сипатындағы пайда түрінде пара алу, туыстық, жерлестік, т.б. жақындықтарына байланысты қызметке ретсіз қабылдау және көтермелеу, сондай-ақ, мемлекеттік және қоғамдық мүліктерді талан-таражға салу. Мемлекетте жемқорлықтың бел алуы көлеңкелі экономиканың пайда болып,экономикалық өсу қарқынының тежелуіне және әлеуметтік, саяси шиеленістердің құрт асқынуына ұрындырады. Сонымен қатар жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлер жаппай жемқорлыққа салынған жағдайда  құқық  қорғау органдары оларды жасаған қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тарта алмайтын жағдай қалыптасады.

Жемқорлық жасалу түрлеріне қарап екіге бөлінеді: жекелеген лауазымды қызметкерлер жасаған қылмыстық іс-әрекет және бірнеше лауазымды қызметкерлер бірігіп жасаған қылмыстық іс-әрекет (қысқаша Сыбайлас жемқорлық). 1989 жылы әлемнің дамыған 37 мемлекеті халықаралық бизнестегі жемқорлыққа қарсы күресу туралы конвенцияға қол қойды. Қазақстан осы конвенцияға қосыла отырып, 1998 жылы 2 шілдеде “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” Заң қабылдады.

Жемқорлық қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауапкершілік пен жазалау, әкімшілік жауапқа тарту және шара қолдану ҚР Қылмыстық Кодексі және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес қарастырылады.

Жемқорлық құқық бұзуды әшкерелеу, бұлтартпау, ескерту және оны жасаған тұлғалардың өз құзыры аясында жауапқа тарту прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және шекара қызметтері, қаржы және әскери полициясы арқылы жүзеге асыралады.

Біздің міндет осы жоғарыда айтылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізту және әр азамат ҚР Конститутциясын, өзінің азаматтық құқығын жетік меңгеріп білуге үйрету. Ал енді алдымызда сұрақ туындайды осы білімді азаматтарға олардың құқықтық білімін қалай көтереміз? Сондықтан да Конститутция заңдарын, оның ішінде адамның жеке құқығын, сыбайлас жемқорлық туралы заңдарды мектеп қабырғасынан оқытуды бастау керек, себебі осы үлкен өмірге есік ашатын да өмірлік білім беретін де  мектеп.

    Біздің Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізтуге бағытталған түрлі бағдарламалар бар. Оның ішінде атап өтетін екі  2005-2011 ж және 2011-2015жж сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізту бағдарламалары. Аталған бағдарламалардың басты мақсаты мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттар қызметінің тиімділігін басқаруды көтеру арқылы барлық салалардағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету. Аталған бұл бағдарламаның авторларының ойынша аталған мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді орындау қажет:

-қоғам және  азаматтардың заң қызығушылығы мен еркіндік құқығын сыбайлас жемқорлықтан  қорғауды қамту;

-сыбайлас жемқорлықтық бойынша құқық бұзушылықты анықтау, жолын кесу, алдын алу бойынша нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;

-сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізту әдіс тәсілдерін, түрлерін дамыту және жетілдіру; азаматтық қоғам құрылымдарымен өзара қатынас жасау;

-Қазақстанның жемқорлықпен күрес саласында халықаралық әріптестік жасауды жетілдіріп, дамтыу.

Расында да осындай міндеттерді, яғни заңнаманы жетілдіруді  орындамай  жемқорлықпен күрес проблемаларын шеше алмауымыз хақ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жемқорлықпен күрес мем­ле­кеттік саясаттың негізгі мәселесі, әсі­ресе, мемлекеттік қызметте, өйт­­ке­ні, би­лік органдарындағы жем­­қор­лық мем­лекеттің эко­но­ми­­­калық және әлеуметтік про­цес­терде­гі рөлін түсіреді, қоғам­­ның қыл­­мыстық іс-әрекетін қозды­рып, азамат­тардың сенімін кетіріп, құ­қығы мен бостандығын шектейді. Жемқорлық әлеуметтік көрініс ретінде, қоғамның адамдық және құқықтық мәдениеті мен тікелей байланыста. Жемқорлықты ес­керту мен тыюдың негізгі шарт­­та­ры­ның бірі, қызмет басында­ғы­лар­дың шешім қабылдаудағы еркіндігі мен тәуелсіздігі. Қазақстан Республикасы құрылғалы бері, дәйекті түрде жемқорлыққа қарсы дұрыс құқық­тық жүйе құра білді. Жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша тиісті заңдар мен Үкімет қаулылары қабылданды. Жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу бойынша Қазақстан ғаламдық халықаралық актілерге қосылды. Экономикалық қарым-қатынас және даму ұйымдарының ұсынысы бойынша 2008 жылғы 4 маусымда БҰҰ-ның жемқорлыққа қарсы 2003 жылғы 31 қазандағы конвенциясы ратификацияланды, ұлттық заңнамаға мынадай ұсынымдар қойылды: мемлекеттік қызметкерлерге белгілі болған жемқорлық фактілері бойынша ақпарат ұсыну, жемқорлық құқық бұзушылық фактілері бойынша, мүдделілік түсінігі енгізіліп, мемлекеттік органдарда қыз­мет етуге өмір бойы шектеу қойылды. Пара алғаны не бергені үшін шетел мемлекетінің қыз­меттік тұлғаларына және ха­лық­аралық ұйымдардың басшыларына қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Осылайша осы жоғарыда аталған міндет мақсаттарға жету үшін біріккен түрде және халықаралық әріптестік арқылы сыбайлас жемқорлықпен күресе аламыз.

 

 

 

Бостандық ауданы бойынша

Мемлекеттік мал дәрігер-санитарлық бақылау

бөлімі басшысы                                                                         Н.Л. Нуртаев