Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Денсаулық сақтау ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ



Бостандық ауданы бойынша тұрғын үй-пайдалану ұйымы жұмысының сапасы


Бостандық ҚДСБ берген мәліметтері бойынша 2018 жылғы жағдайға қатысты Бостандық ауданының көп пәтерлі тұрғын үй саны - 1694 үй (76 816 пәтер, жалпы аны 3 821 мың кв.м.), оларға 124 тұрғын үй-пайдалану ұйымдары қызмет көрсетеді. Тұрғын үй-коммуналдық нысандардың жалпы жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланады. Ұйымның санитарлық-гигиеналық мәселелердің жалпы масшатабында алғанда ұйымдар оларға жүктелген міндеттерді және нормативтік-құқықтық актілерде қарастырылған міндеттемелерді орындады. Тұрғын үй ғимараттарын пайдалану бойынша ұйым қызметіндегі негізгі проблемалық мәселелерге жататындар: кадрлық мәселелер (штат аула сыпырушы, сантехниктермен толық қамтылмаған), қала құрылысы (аула іші аумағындағы атокөліктердің тығыз орналасуы), қаржылық (аз ғана үй санындағы пәтер иелері кооперативтеріне қатысты, ол оларды ұстап тұруға жеткілікті қаражатты жинақтауға мүмкіндік бермейді), сонымен қатар басқалары (үйлердің тозуы, салдарынан жертөле жайларында ауыстырылуға тиісті көптеген ескі коммуникациялар бар, тұрғындардың өздерінің үйлерін күтіп ұстамауы – канализациялық желіге жеке гигиена заттарын ағызуы; ағымдағы косметикалық және күрделі жөндеу жұмыстарына жеткілікті болма бермейтін мақсатқа жұмсалуы тиіс жиналған ақша қаражаты, контейнерлік алаңдарды ауыстыру қажеттілігі және т.б.). Айтылғандардың бәрі және көбісі үйді басқаратын ұйымдар қызметіндегі жағымсыз тұстар болып табылады және осы сынды кәсібіндегі шикіліктер салдарынан әдетте тұрғындар мен қызмет көрсету ұйымдарының арасында келіспеушіліктер себебі болып қалады.

Тұтасымен айтқанда балалардың ойын алаңы қанағаттанарлық күйде, тиісті тұрғын үй ұйымдарының аула сыпырғыштары күн сайын тазалау жұмыстарын жүргізіп тұрады. Жертөле жайлары тоқсан сайын және қажетінше арнайы залалсыздандыратын құралдармен тазаланып тұрады. Ол үшін төрағалар дезинсекциялық, дезинфекциялық және дератизациялық іс-шараларын өткізуге залалсыздандыру құрылымдарымен шарттар жасаған. Сонымен қатар, апатты жағдайлардың алдын алу үшін ауданда 9 сантехникалық қызмет жұмыс істейді, олармен шарттарды ұйымның пайдаланатын тұрғын үйлері жасаған.

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 17.11.2017 ж. №863 «Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалауға тиісті өнімдердің және эпидемиялық маңызды нысандар тізімін бекіту туралы» Бұйрығының 2-қосымшасы 26-тармағына сәйкес әртүрлі сипаттағы (ерекше тәртіппен және жоспардан тыс) тексерулер жүргізе алатын және жүргізуі тиіс. Осы бұйрыққа сәйкес кооперативтердің қызмет жай иелерінің қызметіне жоспардан тыс, яғни жеке және заңды тұлғалардың өтініші бойынша тексеру жүргізіледі.

Сонымен, өткен жылы қызмет мекенжайына тұрғын үй ұйымдарының атқарған қызметтерінің қанағаттандырылмауы туралы мәліметтермен 4 шағым түскен. Мәліметтер берілген орынға барған кезде расталмайды, өйткені ұйым басшылары алдын ала шапшаң тәртіпте бақылауына алуына байланысты, барлық кемшіліктер толық көлемде дұрысталған.