Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Денсаулық сақтау ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ



Ашық су көздері туралы ақпарат


Алматы қаласының Бостандық ауданы аумағында Абай даңғылына дейін оңтүстік бағытта бүкіл қала арқылы ағатын, одан әрі  Алмалы ауданының шекарасына өтетін 2-ші санатты 2 өзен (Үлкен Алматы және Есентай) бар.

Жыл сайын басқарма қызметкерлерімен жылдың жылы мезгілдерінде  (наурыз тамыз айларында) өзен арналарының ластануы қаралып, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 209 бұйрығымен бекітілген "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес судың сынамалары лабораторлық зерттеуге алынады. Биылғы жылда өзен суларының антропогендік ластануы болған жоқ. Дегенімен сарқынды суларды заңсыз орнатылатын құбырлар арқылы өзенге шығарудан жұқпалы аурулардың туындауына алып келуін ескере отырып, өзен жағалауындағы тұрғындармен ауызша түрде осы сарқынды суларды өзен арнасына шығару салдарынан туындайтын жұқпалы дерттердің болуын түсіндіріп, осындай заңсыз әрекеттерге жол бермеу мақсатында жұмыстар атқарылады.

Қазіргі таңда Әл-Фараби даңғылынан бастап солтүстік бағытта төмен қарай өзен жағалауы жолдармен жабдықталып, жолдың бойында 1м 30 см биіктікте қорғаушы сүйеніштер орнатылған. Халықтың серуендеуі мен демалуына орындықтар, қоқыс жинағыш жәшіктер орнатылған, шөп, көшеттер мен бұталар отырғызылған. Қазіргі таңда өзен жағалауы қаланың көрікті жерлерінің бірі болып табылады.

Бүгінгі күнделікті өмірде кездесетін мәселелердің бірі ол – жылдың ыстық мезгілінде ашық су көздеріне халықтың шомылуы. Осы себепке байланысты су арқылы берілетін жұқпалы аурулардың таралу қаупінің алдын алу мақсатында қала тұрғындары мен қонақтарын ашық су көздерінде (өзендерде) шомылмауларын ескертеміз.