Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

21.07.2016

Алматыда Ауған ардагерлері ІІМ қызметкерлерінің монументіне гүл шоқтарын қойды


Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық бірлестіктігінің Үйлестіру кеңесі  баж жолында қаза тапқан полиция қызметкерлері ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімін жасады.

 Ескерткіш Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің алдында бой көтерген. Еске алу іс-шарасына ауған соғысы ардагерлері мен тыл ардагерлері , сондай-ақ басқа да азаматтар қатысты.

 «Бүгін біз бұл ескерткіш алдында қызметтік міндетін атқару үстінде қаза тапқан полиция қызметкерлерін еске алуға келіп отырмыз. Бейбіт күнде қанды қол қайкөйлерге қарсы тұрып,  тыныштықты, халықты қорғау үстінде жан пида болған бұл азаматтар нағыз батырлар. Өз өмірін ел тыныштығына арнаған адал да қайсар азаматтарымыздың жандары жәнатта болсын деймін»,- деді Ауған соғысы адрагелер қоғамы АҚ төрағасы - Мұрат Абдушукуров.

Гүл шоқтары қойылғаннан кейін бір минут үнсіздікпен еске алды.

Еске алу рәсімінен кейін жиналғандар Алматы қаласы Ішкі істер Басқармасының мұрағатын аралады.

 

21.07.2016