Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

28.07.2016

Алматыда Яндекс қызмет Такси өз жұмысын бастайды


Алматыда 28 шілдеден бастап  «Алматы даму орталығы» АҚ  қала әкімідігінің құрылымдық бөлімшесі мен жоғарыда аталған компания арасында қол қойған меморандум аясында   Яндекс қызмет такси өз жұмысын бастайды. Қызмет диспечердің қоңырауысыз бос таксиді жылдам табады.

 Айта кету керек,  Яндеск қызмет таксиі үш; қазақ, орыс, ағылшын тілінде қол жетімді. Таксиге тапсырысты мобильді қосымша арқылы немесе taxi.yandex.kz. сайтында бере аласыз.

 Қазіргі күнге бұл қызмет түріне 9 таксопарктен 150 машина тіркелген. Жылдам тапсырыс қызметі тапсырыс берушінің маңында жүрген бос таксиге жолдайды, сондықтан да такси сізге жылдам келеді. Таксидің келуі  уақыты 5-10 минут.Тапсырыс беруші таксидің жүру қозғалысын қала картасынан бақылап отыра алады. Ал такси жүргізушінің телефоны мен машина нөмері тапсырыс берушінің  телефонына смс арқылы келеді. Әзірше төлем ақысы қолма-қол. Таксидің алғашқы екі шақырымы -100 теңге, арыда әр шақырым - 50 теңге. Жақын арада бұл таксиді пайдаланушылар үшін  төлем банк карточкалары арқылы қолжетімді болмақ.

Яндекс Қызмет таксиі 2011 жылы пайдалануға берілген. Қазіргі таңда Алматыдан өзге Ресейдің 20 қаласында, Минск, Ереванда қызмет көрсетеді. Жоспарда Қазақстанның басты қалаларына және алыс, жақын шет елдерге  жіберуді жоспарлап отыр. 

28.07.2016