Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

31.10.2019

Алматыда Әл-Фараби орталығы ашылады


Алматыда Әл-Фараби орталығы ашылады. Бұл туралы Ақордада Абайдың 175 жылдығы мен Әбу Насра әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына дайындық өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында сөз сөйлеген ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев айтты.

Ол әл-Фарабидің мерейтойлық жылын ресми түрде тойлау 2020 жылдың қаңтарында басталады деп атап өтілді.

ЮНЕСКО, ТҮРКСОЙ және ИСЕСКО қолдауымен Қазақстанның астанасында отандық және шетелдік жетекші ғалымдардың, университет жетекшілерінің шақыруымен «Әл-Фараби және әлемдік өркениет» Халықаралық ғылыми симпозиумы өтеді. Түркістан облысында қолөнер жәрмеңкелері, ұлттық ойындар конкурстары мен мерекелік концерттермен бірге өнер фестивалі ұйымдастырылады.

Парижде әл-Фарабидің мерейтойын ЮНЕСКО қолдауымен атап өту аясында гуманитарлық білім саласындағы жетекші әлемдік сарапшылардың қатысуымен халықаралық конференция өткізу жоспарлануда.

31.10.2019