2020 жылдың 13 шілдесі
Қазақстан Республикасындағы
ұлттық аза тұту күні
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

31.01.2020

Алматыда әл-Фараби мұраларын зерттеуге байқау жарияланды


Алматыда белгілі философ, ғұлама Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми еңбектерін зерттеуге арнайы байқау жарияланды.

«Ғұлама бабамыз әл-Фарабидің адамды интеллектуалдық қалыптасуы туралы еңбектерін зерттеу қоғамды адамгершілікке баулуға септігін тигізеді. Осыған орай студенттер арасында әл-Фараби еңбектерін зерттеуге әкім атындағы шәкіртақы тағайындалады. Бұл шәкіртақыға ашық байқау жарияланды», - деді әкім Бақытжан Сағынтаев.

 Оның айтуынша, қала жастарын қолдау - қаланы дамытудың басым бағыттарының бірі. «Кезінде ғұламаның өзі айтқан, қай елдің болмасын болашағына баға беру үшін алдымен жастарын көрсет деген екен», - деді әкім. 

Одан бөлек халықаралық деңгейдегі әл-Фараби Олимпиадасын өткізу жоспарланды. Сонымен қатар ғалымның «Бақытқа апарар жол» еңбегі бойынша кәсіпкерлер арасында тренинг өткізу, интерактивті карта ашу жоспарда бар. Айта кету керек, кеше Қазақстан әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеуді ресми түрде бастаған болатын.



31.01.2020