Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

31.01.2019

Алматы көшелеріндегі арық желілері жаңғыртылуда


2021 жылға қарай, Алматыда 400 км арық желілерін және дауыл кәріздерін салу жоспарланып отыр.

Алматы қаласының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасы (Жасыл экономика басқармасы болып өзгертілген) қала аудандарының әкімдіктерімен бірге тексеру жүргізіп, 2021 жылға дейін ұзындығы 400 шақырымнан асатын арық желілерін салу мен қайта жөндеуге қатысты, ЖСҚ дайындау үшін көшелердің тізімін жасауда.

Қазірдің өзінде мегаполистің 57 көшесінде арық желілерін салу мен қайта жөндеу жұмыстары басталды. Аталған шара қаланың түрлі аймақтарында қар, жауын суларының ағынын жақсартуға бағытталған.

Жалпы соңғы үш жыл ішінде Алматыда 300 шақырымнан астам арық желілері салынып, қайта жөндеуден өтті, тоғыз өзеннің арнасы қайта жасалды, су тасқыны қаупі бар учаскелер саны 67 ден 12-ге азайды. Қарғалыөзенініңұзындығы 7,7 шақырымболатынарнасыбекітілдіжәнеабаттандырылдыГЭС1-БАОменМедеу-Шымбұлақ шатқалдарына мықты бекіністер орнатылды.

Бұларданөзге, Алматыдажаңаданекі «Ақсай» және «Аюсай» субөгеттерінсалужоспарланған, «Мыңжылқы» субөгетінжөндеу жұмыстарыаяқталыпқалды. Ерменсай, Кереңқұлақ, Үлкен және Кіші Қарасу сынды төрт өзен мен ұзындығы 1,8 шақырым болатын Есентай өзенінің арналары бекітіліп, абаттандырылды.

Соның ішінде Бостандық ауданы бойынша қайта жөнделетін арық желілері және салынатын көшелердің тізімі:

  • Арайлы мен Ремизовкадан Желтоқсанға дейін барлық бұрылыстарымен қоса
  •  
  • Таужиегі мен Арайлыдан Әсем тау коттедж қалашығының жоғары бұрылысына дейін
  • Талды мен Центральныйдан Желтоқсанға дейін
  • Сүйінбай мен Желтоқсаннан торапқа дейін
  • Жер асты коллекторы Көктау, Таңнан Әл-Фарабидің оңтүстігі мен Ремизовкаға баратын жолдың батысы
  • Талапты мен Прифермскаядан Желтоқсанға дейін
  • "Ақтөбе, Аққайың" ықшам аудандары, Алатау мен Райымбектен Тау жазығы тұрғын кешеніне дейін
  • Центральный мен Жұлдыздан Талдыға дейін
  • Желтоқсан мен Бағанашыл ықшам ауданының Шығысынан Талдыға дейін
  • Райымбек пен Желтоқсаннан Ерменсай ықшам ауданына дейін
  • Жамбыл көшесі
  • "Ақтөбе, Аққайың" ықшам аудандары, Комсомольская мен Райымбекке дейін
  • "Ақтөбе, Аққайың" ықшам аудандары, Райымбек пен Комсомольскийден Алмалыға дейін.

31.01.2019