Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

31.01.2018

«Алматы жылу жүйелері» ЖШС-ң жылу энергиясы мен ыстық суға тарифтердің көтерілуі туралы ақпарат


Жылу энергиясына арналған тариф екі компоненттен тұрады - жылу энергиясын өндіру тарифі және жылу энергиясын беру, бөлу және жеткізу тарифі.

«АлТС» ЖШС-мен реттелетін қызметі жылу энергиясының негізгі көздерінен - «Алматы электр станциялары» АҚ мен «Алматытеплокоммунэнерго» ЖШС-нен жылу энергиясын беру, тарату және жеткізу болып табылады. Жылу энергиясына тарифтің негізгі құрамдас бөлігі жылу энергиясының құны болып табылады, ол ағымдағы жылу тарифінің 70% құрайды.

Алматы қ. Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 138-НҚ бұйрығына сәйкес Алматы қаласы бойынша жылу энергиясы мен ыстық су тарифі көтерілді.

Тарифтердің өсуі газ бағасының көтерілгендігіне  байланысты. 2017 жылы тариф 1760,86 теңге / Гкал деңгейінде мақұлданды, бұл 2016 жылы тарифтің 5,8% - көп, орташа тарифі - 5591,53 теңге / Гкал, бұл 2016 жылға орташа тарифтің 10% -ға көп. 2018 жылы тариф 1863,76 / Гкал деңгейінде бекітілді, бұл 2017 жылға қарағанда 5,8% жоғары, орташа тариф - 6 055,84 / Гкал, бұл 2017 жылға орташа тарифтен 8% жоғары.

р\с №

Тұтынушылар тобы атауы

2016 жыл

тарифі

Өтемақы тарифі деференциалды тарифтер 2017ж 1 сәуірінен

Өтемақы тарифі деференциалды тарифтер 2018ж 1 қаңтарынан

1

 "АлТС" ЖШС тарифі

1664,18

1760,86

1863,76

2

Т/Э АлЭС және АТКЭ, тенге/Гкал өндірісінің орташа өнімділік тарифі

3398,7

3830,67

4192,08

 

орташа тариф

5062,88

5591,53

6055,84


31.01.2018