Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

30.09.2019

Алматыдағы ботаникалық бақ келушілер үшін 2020 жылы есігін ашады


Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласы Бостандық ауданында орналасқан ботаникалық бақтың жағдайымен танысып, оның қайта құру жөндеу жұмыстарымен танысып шықты.

 Алматы әкімі Б. Сағынтаев ерекше назар аударуды қажет ететін бірқатар нысандарды аралады. Ол аудандағы Ботаникалық бақтың қайта құру жұмыстары жылдың аяғында аяқталып, келесі көктемде ашылу қажет деді

Жаяу жүргіншілер жолдары алматылықтар үшін ыңғайлы жерде оңтайландырылған, оларды экологиялық таза, инженерлік жарықтандыру желілері мен суару жүйесі жасалу қажеттігін атап өтті.

 Сонымен қатар 3 кіреберіс тобы салынады. Әкім жаңартылған Ботаникалық бақ өзінің ғылыми-зерттеу және экологиялық жұмыстарын жалғастыратынын, қаланың ерекше көрнекті жері мен азаматтардың демалатын орнына айналатынын айтты.

 Қайта құрудың басты шарты - экологиялық тепе-теңдікті сақтау және бақтың табиғи ортасын сақтау. «Бұрынғы саяси ағарту үйін қайта құру және Достық және Абай даңғылдары, Пушкин және Құрманғазы көшелерін жаңарту. Бұл Алматының тарихи-мәдени орталығы. Мен мердігерлердің назарын осы тарихи ғимараттың сәулеттік келбетін қайта құру қажеттілігіне аудардым. Ескі Алматының қайталанбас келбетін сақтау керек», - деп түйіндеді Бақытжан Сағынтаев.

30.09.2019