Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

30.07.2019

Алматыда триатлоннан Азия кубогы өтетін күндері бірнеше көше жабылады


Алматыда триатлоннан Азия кубогы өтетін күндері, жарыс өтетін аймақ, яғни Сайран көлінің маңындағы жолдар жабылады.

Алматы қаласының әкімдігі мен Алматы триатлон федерациясы жарыс кезінде жолдардың бір бөлігі жабылатындығы туралы хабар таратты. 

2019 жылы 2 - 4 тамыз аралығында Азия триатлон кубогы аясында жарыстың велосипед кезеңі өту аясында көліктерге арналған жолдың қозғалысы жартылай жабылады.

2 тамыз күні жаттығу уақытында 14.00-ден 14.45-ке дейін төмендегі көшелердегі қозғалыс жабық болады: Төле би көшесінің бойымен қозғалу (оңтүстік жағы) Н. Тілендиев көшесінен бастап Өтеген батыр көшесіне дейін.

Жолдың солтүстік жағы толығымен қозғалыс үшін бос болады. Өтеген батыр көшесі бойымен қозғалу Төле би көшесінен бастап Қуанышбаев көшесіне дейін. Барлық бағыттағы жолдар толығымен жабылады.

3 тамыз жарыс күні 06.30-дан 13.00-ге дейін төмендегі бағыттағы көшелер жабылады: Төле би көшесінің бойымен қозғалу (оңтүстік жағы) Н. Тілендиев көшесінен бастап Өтеген батыр көшесіне дейін. Жолдың солтүстік жағы толығымен қозғалыс үшін бос болады.

Өтеген батыр көшесі бойымен қозғалу Төле би көшесінен бастап Абай көшесіне дейін. Барлық бағыттағы жолдар толығымен жабылады. 

Абай даңғылындағы көлік қозғалысы (солтүстік жағы) Өтеген батыр көшесінен бастап Саин көшесіне дейін.Оңтүстік жағы қозғалыс үшін бос болады. «Алматыда триатлоннан Азия кубогы мен ҚР чемпионаты осымен екінші рет өткізіліп отыр. 

Қатысушылардың арасында жерлестеріміз қатар, әлемнің 20-дан астам елдерінің спортшылары бар. Біз көлік қозғалысына кедергі болмас үшін жолдарды жабу аумағы мен уақытын барынша азайтуға тырысамыз», - деп хабарлады шараны ұйымдастырушылар.

 

30.07.2019