Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

30.06.2016

«Алтын қалам» әдеби шығармаларға байқау жариялады


Бұл жайында бүгін   байқауды ұйымдастыру комитетінің өкілдері мәлім етті. Аталған шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, әдеби жүлденің мақсаты - еліміздегі дарынды авторларды табу, олардың шығармаларын қалың оқырманға жеткізу және насихаттау.

 «Конкурсқа қазақ тілді авторлар ғана емес, орыс тілінде жазатын қаламгерлер де қатыса алады. Сонымен қатар байқауда белгілі қаламгерлермен қоса оқырмандар да дауыс беріп, атсалысатын болады. Сондықтан жеңімпаздарды анықтайтын да оқырмандар», -дейді «ұйымдастырушылардың бірі.

 Байқауға ұсынылған шығармалар «Жылдың үздік прозасы», «Жылдың үздік поэзиясы», «Жылдың үздік балалар шығармасы», «Драматургия», «Жылдың үздік іскерлік және ғылыми еңбегі» сынды аталымдар бойынша қабылданады.

 Әдеби жүлдеге қатысуға ниеті бар азамат өз шығармаларын немесе сауалдарын Ұйымдастыру комитетіне adebiet2014@gmail.com,  kenze2002@mail.ru  немесе  жаңа ашылған    www.akalam.kz.  электрондық мекен-жайына жолдай алады.

Сайт оқырманы әдеби жүлдеге қатысып жатқан барлық шығарманы оқып қана қоймай, өз пікірін де білдіре алады. Үздік туындыларды іріктегенде оқырман дауысы өте маңызды. Бәйгеге қатысатын үміткерлердің мамандығына, жасына, мекен-жайына ешқандай шектеу қойылмайды. Тек Қазақстан азаматы немесе қазақ әдебиетіне қатысы болса жеткілікті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша байқау аясында жеңімпаздардың шығармалары жазылған жиынтығының  мерейтойлық басылымы шығарылады.Сыйақы қоры 1 млн. теңге.

 

30.06.2016