Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

30.05.2019

Алматыда скандинавиялық жүрістен Орталық Азиядағы тұңғыш жарыс өтеді


2 шілде күні Алматыдағы «Атакент» орталығында  Almaty Nordic Walking Fest атауымен скандинавиялық жүрістен жарыс өтеді. 

Шараның ұйымдастырушысы - Ванкувердегі Қысқы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Елена Хрусталеваның Олимпиялық қоры. Жарыс таңғы сағат 9.00-де басталады.

          

Орталық Азияда алғаш өткелі отырған бұл жарысқа жасы 14-тен асқан  барлық адам қатыса алады. Ал мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жеке рейтинг қарастырылған. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталмыш спорт ел арасында танымалдыққа ие болып келеді. Сондықтан, фестиваль бұдан былай тұрақты өткізілмек.

Келешекте фестиваль аясы кеңейіп, Алматыдан бөлек, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларын, көршілес Қырғызстан және Өзбекстан мемлекеттерін де қамтитын болады.

30.05.2019