Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

30.03.2018

Алматы автопаркі 10 эвакуатормен толықты


Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланың құтқару қызметінің автопаркіне келген  «Ssang Young» маркілі  жаңа маневрлі эвакуаторларды көріп таныстып шықыты.

           

Еуро-6 экологиялық сыныпқа сай 10 арнайы машина алынған. Бұрын Құтқару қызметінің балансында КамАЗ және МАЗдарға көлікті толық тиейтін 20 эвакуатор болған. Арнайы техниканың артықшылықтары бар. Олар жанармайды аз жұмсайды, аулаларда, тар көшелерде, көпір астында жұмыс істей береді. Эвакуатор небәрі 2 минутта 90 градустық бұрышта көлік тиейді.

Бұл аулаларда өрт болғанда көлікті эвакуциялау  уақытын қысқартуға,  апатты  көліктерді магистральді көшелерден, қар тазарту  кезінде қалған автомобильдерді  тез арада алып кетуге, тұраққа дұрыс қойылмаған  көлікті тиеу жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік береді. Былтыр қала  бюджеті есебінен ІІД құрылымына 34 эвакуатор алынды.

          

Алматы әкімі сондай-ақ қаладағы салынып жатқан нысандарды да аралады. Шаһар басшысы түрлі  категориялы қонақүйлерді салу Алматының  туристік әлеуетін арттырудың  маңызды бөлігі екенін атап өтті.

Мысалы, Алмалы ауданында 112 нөмірлі «Double Tree by Hilton»  қонақ үйінің  құрылысы аяқталуға жақын. Он қабатты нысан Досмұхамедов көшесінің бойында. Құрылыс компаниясы нысанға  жақын орналасқан үйлердің айналасы мен аулаларын абаттандырады. Өз кезегінде Медеу ауданында жалпы алаңы 12 мың шаршы метр, сыйымдылығы 150 нөмір болатын «Novotel» қонақүй  іске қосылады. Соның арқасында 120 жаңа жұмыс орны ашылады.  Алматыда қазір қаланың қонақүйлерінде 8,5 мыңнан астам нөмір бар.

30.03.2018