Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

29.07.2019

Алматыда "Өмір" суда шомылу кезінде сақтандыру шеңбері акциясы басталды


Алматыда «Сақтандыру шеңбері» эстафетасы басталды. Сайран көлінің жағасында «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының еріктілері мен «Жас құтқарушылар» клуб мүшелерінің қатысуымен судағы қауіпсіз тәртіп туралы флеш-моб өтті.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қаланың құтқарушылары суда қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізілді, «Гоша» атты маникенде демалушыларға жүрек-өкпе реанимациясы және алғашқы медициналық көмек көрсету жаттығулары көрсетіліп үйретілді.

Демалушыларға жанама жүрекке массаж жасауға мүмкіндік туды, бұған Алматы қаласының құтқару қызметі жан-жақты көмектесті.

Сонымен бірге, судың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ТЖ департаментінің, Алматы қаласы бойынша филиалының, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің Төтенше жағдайлар орталығының қызметкерлері күн сайын мегаполис суларында рейдтер өткізеді. Осындай 172 рейд өткізіліп, 4 мыңнан астам жадынамалар таратылды. Рұқсат етілмеген демалыс орындарында бірлескен іс-шаралар жүргізу кезінде тыйым салынған жерлерде шомылу туралы 20 әкімшілік хаттама жасалды.

Еске салсақ, Алматы қаласы әкімінің 2019 жылғы 9 шілдедегі № 3/447 қаулысына сәйкес қалада 4 орынға шомылуға рұқсат етілген: Сайран көлінің батыс бөлігі Төле би көшесінен оңтүстік бағытта, эстакадаға 300 метр; Сайран көлінің шығыс бөлігі, Төле би көшесінен оңтүстікке қарай 200 метр; Д.Қонаев атындағы БАК жанындағы жағажай - «Баума» тоғайы; Д.Қонаев атындағы «Гүлдер» резервуарының жанындағы демалыс аймағы.

Қалған су қоймалары мен өзен арналары қауіпті болып саналады және бұл жерде жүзуге тыйым салынады. Бұл жерлерде жүзуге тыйым салатын белгілер мен ақпараттық стендтер орнатылады. Іс-шараның соңында Алматы қаласының құтқарушылары Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне «Өмір" атты сақтандыру шеңбері эстафетасын тапсырды.

29.07.2019