Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

29.07.2016

Рио олмпиадасына Қазақстандық 105 спортсмен қатысады


Рио олимпиадасына да санаулы ай қалды. Əр төрт жыл сайын елдің спорттық қана емес, экономикалық, саяси əлеуетін айдай əлемге жария ететін сын бұл жолы қандай сый ұсынбақ? Лондон олимпиадасынан бергі бір циклда Қазақстан өзін спортшы мемлекет ретінде ұстап тұра алды ма?

Егер осы 4 жылды тұтас алып қарастырсақ, Қазақстан əлі Лондон деңгейінде тұр. Бұл, бір қарағанда, жаман да емес. Лондон олимпиадасында Қазақстан 12 орын алып, өз тарихындағы ең жоғары көрсеткішке қол жеткізген-ді. Енді Риода сол биікте қала берудің өзі бізге үлкен күшке түсуі мүмкін.

Қазақстан күрес федерациясының басшылығы Рио-де-Жанейро Олимпиадасына баратын құрамды жариялады. Сонымен Риода өтетін олимпиадаға Қазақстан елінен спорттың 25 түрінен 105 спортсмен қатысады.Бұл былғары қолғап шеберлері, ауыр және жеңіл атлета, қазіргі заманғы бессайыс,байдарка мен каноэда ескек есу, оқпен ату шеберлері, еркін және греко-рим күрес балуандары дзюдоистер, таэквондашылар, суда жүрушілер, велошабандоздар,  гимнасттар,  садақпен ату,теннисшілер және тағы басқалар.  

Грек-рим күресі: Алмат Кебіспаев (59 келі), Досжан Кәртіков (75 келі), Нұрмахан Тінәлиев (130 келі).

Еркін күрес: Артас Сана (57 келі), Ғалымжан Өсербаев (74 келі), Аслан Кахидзе (86 келі), Мамед Ибрагимов (97 келі), Дәулет Шабанбай (125 келі).

Әйелдер күресі: Жұлдыз Ешімова (48 келі), Екатерина Ларионова (63 келі), Эльмира Сыздықова (69 келі), Гүзел Манюрова (75 келі). 

29.07.2016