Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

29.06.2018

Алматыда түрік жәдігерлерінің мұражайы ашылды


Алматы музейінде Ақысқа түріктері ұлттық жәдігерлерінің көрмесі өтті.

«Біз Қазақстан территориясында 70 жылдан бері тіршілік етіп келеміз. Арғы бабаларымыз Грузиядан жер аударылған Осман түркілері. Көрмеге  қойылған экспонаттарды біздің  ата -бабамыз 500 жыл бұрын қолданған.  Ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, бүгінге дейін сақталған жәдігерлерді жинауға мен де өз үлесімді қостым»-дейді «Ақысқа» түрік этномәдени орталығының мәдениет комитеті басшысының орынбасары Зарина Аббасова.

Осман империясының тұсында тұрмыстық жабдықтарда қызғалдақ гүлі бейнеленген. Заринаның айтуынша, қызғалдақтың отаны -Голландия емес,  ең алғаш шыққан жері Константинопль , ежелгі Византия мемлекеті екен. 

 Алматы музейінің аға ғылыми қызметкері Қожаханова Құралайдың айтуынша, осыған дейін Осетин, қырым-татарлары, буряттар, ауған, шешен, ингуш этнос өкілдерінің көрмесі өткен. «Ассамблея қызметі этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешіп келе жатыр. Бүгінде республикамызда Қазақстан этностарының мәдениеттер, тілдері дәстүрлерінің дамуына қажетті жаңғайлар жасалған. Соның бірі «Ел бірлігі - достықта» атты Алматы музейінде ай сайын әр ұлттың көрмесін өткіземіз»,-деді Құралай Қожаханова. 

 



29.06.2018