2020 жылдың 13 шілдесі
Қазақстан Республикасындағы
ұлттық аза тұту күні
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

29.01.2020

«Салық салу объектісі болып табылатын кірістер және мүлік туралы декларацияны тапсыру тәртібі» туралы жаппай оқыту өтті.


"Бостандық ауданы - адалдық алаңы" жобасы аясында Бостандық ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында «Салық салу объектісі болып табылатын кірістер және мүлік туралы декларацияны тапсыру тәртібі» туралы жаппай оқыту өтті.

Онда Бостандық ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Д. Аймұрза сөз сөйлеп, салық салу объектісі болып табылатын табыстар мен мүлік туралы декларацияны тапсыру тәртібі туралы айтып, егжей-тегжейлі түсінідіріп берді.

Келесіде, аппарат басшысы Б. Әлиярова мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатынын және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қойатынын еске салды.


Сондай-ақ, аппарат қызметкерлеріне "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының негізгі ережелері, атап айтқанда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға төзбеушілік маңыздылығы, сондай-ақ оларды жасағаны үшін жауапкершілікке тартылатыны туралы түсіндірілді.

29.01.2020