Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

27.07.2016

Алматыда жаңа көлік жол айрықтарының құрылысы басталады


Алматыда 2017 жылдан бастап, екі жаңа көлік жол айрығының құрылысы басталады. Соның арқасында бірқатар көшелердің көлік өткізу мүмкіндігі жақсарады. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Алматы қалалық Жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, көлік жол айрықтары Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысы және Рысқұлов даңғылы мен Құлжа магистралдық жолының қиылысында салынады деп жоспарлануда.   

Бұл жол қиылыстарындағы көлік қозғалысын орта есеппен 18 пайызға жеңілдетуге мүмкіндік береді. 

Сондай-ақ, Фурманов көшесін темір жолдардың үстімен эстакада арқылы Жансүгіров көшесіне дейін жеткізу көзделуде. 

Ал бұл, қаланың орталық бөлігіндегі көлік қозғалысын 20 пайызға жеңілдетуге мүмкіндік береді. 

Бұдан басқа, әл-Фараби даңғылын қайта құру жобасы қала тұрғындарының талқылауына берілді. Бұл туралы  әлі түбегейлі шешім қабылданған жоқ.

Биыл қыркүйек айында Рысқұлов даңғылы мен Сайын көшесінің қиылысындағы көлік жол айрығын қолданысқа беру жоспарлануда. Бұл осы учаскенің көлік өткізу мүмкіндігін 15 пайызға арттыруға мүмкіндік береді.    

Ал Солтүстік айналма жолы мен Бөкейханов көшесінің қиылысында салынып жатқан көлік жол айрығын 2017 жылы желтоқсанда қолданысқа беру жоспарланған. Сарапшылардың пікірінше, бұл көліктердің солтүстік бағыттағы қозғалысын 16 пайызға арттыруға мүмкіндік береді.      

Айта кетелік, биыл Төле би көшесі Шығыс айналма жолына жалғанды. Осы жобаның арқасында Райымбек даңғылы мен Сүйінбай, Фурманов және Қонаев көшелерінде көлік қозғалысы кем дегенде 20 пайызға жеңілденді.

Естеріңізге сала кетелік, Алматыда 2001 жылдан бері жалпы 300 млрд теңгеге 28 көлік жол айрығы салынды.

  

27.07.2016