Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

27.12.2017

Алматыда электронды ПИК іске қосылды


   Алматыда «Электронды ПИК» порталы іске қосылды, онда азаматтар өздерінің ПИК туралы барлық ақпаратты таба алады және сұрақтар қоюға болады,- деді Үкімет отырысында Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбек.

 Әкімнің айтуынша, бұл сайт ПИК жұмысының ашықтығын және қала тұрғындарымен жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін іске қосылды.  Ал келесі жылы азаматтар сайтқа кіріп  жылу мен судың құнын біле алады, сондай-ақ 3D картасын пайдалана отырып, мегаполисті зерттей алады.

  Бауыржан Байбек сондай-ақ, almatygenplan.kz порталы туралы әңгімелеп берді, мұнда қызыл сызық желілері, жылу, электр жүйелері және сумен жабдықтаудың  қуаты орналастырылған. Бұл инженерлік жобаларды құру уақытын екі есе азайтуға және техникалық жағдайларды шығаруға негізсіз бас тартудың ағынын азайтуға мүмкіндік берді.

 

27.12.2017