Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

27.11.2019

Алматы қаласы бойынша ТЖ алдын алу мен жою туралы


Алматы қаласы әкімдігінде сел қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қалада ТЖ алдын алу және жою, автоматты мониторинг жүйесі және «Ақсай» мен «Аюсай» бөгеттерінің құрылысын салу бойынша брифинг өтті.

Алматы қаласы төтенше жағдайлар Департаментінің басшысы, генерал-майор Серік Әубәкіров өзінің сөзінде қаланы селден қорғау аясында Алматы қаласының ТЖД сел қаупіне мониторинг жүргізудің автоматты жүйесі жобасын жүзеге асыруды бастағандарын айтты.

Қазіргі кезде, Үлкен және Кіші Алматы өзендерінде оның 1-ші кезеңі аяқталды, нәтижесінде 2 көл станциясы, 2 ошақтық, 3 арналық және 3 дамбалық станциялар орнатылды.

АМЖ жобасының құрылысы екі жылға (2019-2020 жылдар) жалғасады.

2020 жылғы екінші кезеңде 21 станция салынады, оның ішінде:

- Үлкен Алматы өзенінің бассейнінде - көлдік (№1 көл,№10 көл);

- ошақтық («Көкшек» шатқалы, «Милютин» жырасы);

- арналық: (Проходная, Аюсай, ҮАК гидропостысынан жоғары, ГЭС-1);

- дамбалық: ( ҮАК плотинасы);

- Кіші Алматы өзенінің бассейні – көлдік (№1 көл), ошақтық (Беделбай);

- Ақсай өзенінің бассейні – көлдік (№8 көл,№10 көл), ошақтық(«Ақжар» шатқалы, «Тастыбұлақ»), арналық (Ақсай өзенінің сол жағалауы, «Пионерлагерь», «Гидроузел»);

- Қарғалы өзенінің бассейні – көлдік (№1 көл), арналық (Қарғалы өзенінің сол жағалауы), дамбалық «Плотина». Жоба құрылысының аяқталу мерзімі 2020 жылдың мамыры.

Ол қазіргі кезде «Ақсай» және «Аюсай» шатқалдарына салынатын бөгеттер туралы да айтты. Үлкен Алматы өзенінің бассейніндегі Аюсай шатқалы осал, мұнда соңғы 20 жыл ішінде көптеген нысандар салынған және Ақсай өзенінің бассейнінде селден қорғайтын нысандар жоқтың қасы.

Екі шатқалдар бойынша әлеуметтік және өндірістік маңызы бар 300-ге жуық объект және 30 мыңнан астам адамға сел қаупіне кез келуі мүмкін.

Отандық жетекші «Қазгидро» жобалау ұйымы әзірлеген жобалар мемлекеттік сараптамаға жіберілді, оң нәтижеге қолжеткен соң жобалар мен жер белгіленген заңнамаға сәйкес құрылысты одан әрі жүргізу үшін ҚР Ішкі істер министрлігіне беріледі, - деп қорытындылады сөзін С. Әубәкіров.

Брифинг барысында «Сейсмология институты» ЖШС ғылыми-техникалық және халықаралық жобалар басқармасы секторының басшысы Дәулет Сәрсенбаев қала тұрғындарына қауіп әкелетін күшті жер сілкінісі жөнінде ерте хабар берудің автоматты цифрлық жүйесін (әрі қарай ХАЦЖ) құру туралы айтты.

Ерте хабар берудің автоматты цифрлық жүйесін құру бойынша жұмыс 2018-2020 жылдарға арналған «Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы сейсмикалық қаупі бар аудандарды кешенді зерттеу және күшті жер сілкінісі туралы ерте хабарлау жүйесінің негіздерін әзірлеу» жөніндегі қолданыстағы бағдарлама аясында іске асуда.

Бұл бағыт бойынша сейсмотектоникалық ерекшеліктер және аудан құрылымына қарай күшті жер сілкінісі туралы ерте хабарлайтын ХАЦЖ қондырғылары орнатылатын жерлерді анықтау бойынша жұмыстар жүруде.

Швейцарияның GeoSig фирмасының қондырғылары сатып алынды және 6 пунктке қойылды, бұлар ерте хабарлау жүйесінің жапондық Метеорологиялық Агенттігінің (JMA) алгоритмі негізінде жасалған.

Жүйе орнатылған әр пункттен (Медеу, Талғар, Тянь-Шань, Шелек, Жаркент және Қапшағай) нақтылы уақыт кестесі бойынша мәліметтер алынады. Орталықта мәліметтерді жинау және өңдеу қызметкердің қатысуынсыз автоматты түрде жүреді әрі қауіпті сейсмикалық толқын анықталса, бірден хабарлау сигналы жіберіледі.

Қауіпті сеймикалық толқынның жақындағаны туралы сигнал ТЖД хабарлау жүйесіне түседі және Darmen мобильді қосымшасы арқылы оған тіркелгендерге таратылады.

2020 жылы Сейсмология институты осындай тағы 3 қондырғыны орнатуды жоспарлауда, яғни Сейсмология институты жасаған күшті жер сілкінісі туралы ерте хабар беру қондырғы 9 станцияны қамтитын болады деп қорытындылады сөзін Дәулет Сәрсенбаев.

ШЖК «Алматы қаласының Құтқару қызметі» МКК директоры Дмитрий Чухонцев брифинг тақырыбын қортындылай келіп, ағымдағы жылдың 11 айы ішінде Бірыңғай кезекшілік- диспетчерлік қызметтің жеке құрамы кезекшілік ауысымда «109» бірыңғай телефоны бойынша қала тұрғындары мен қонақтарынан 100834 өтінішті қабылдағанын және жүзеге асырғанын айтты.



27.11.2019