Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

27.09.2019

Алматыда Олжас Сүлейменов атындағы аллеясы ашылды


Алматыда  "Атакент" қазақстан ынтымақтастық әріптестік көрме орталығы аумағында  Олжас Сүлейменов атындағы аллея ашылды.

                                                                                                                                          

Шараны Семей полигонының жабылуына 30 жыл толуына орай ашылып отырған аллеяның негізгі ұйымдастырушылары - Экологиялық Альянс "Байтақ-Болашақ" республикалық қоғамдық бірлестігі.

 

Ал ақын Олжас Сүлейменов аллеяны "Невада-Семей" деп атауды ұсынған екен. 

"Расымен, аллея алғашқы антиядролық қозғалыстың атымен аталу керек еді. Біз "Чернобыльден" де бұрын құрылдық. Невада-Семей барлық экологиялық қоғамның бастауы болды," - дейді Олжас Сүлейменов. 

Айта кетейік, биыл тамыз айында Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаев Алматыны жасыл желекке толтыру үшін осындай шараны қолға алуды ұсынған еді. Германия, Оңтүстік Корея мен Түркияның өкілдері қатысқан ресми жиында "1 миллион ағаш егеміз деп отырмыз" деген. Сондай-ақ Алматылықтар бұл бастаманы қолдайтынына сенімді екенін, өйткені алматылықтар дәл осы экология мәселесіне келгенде өте белсенді екенін айтқан.

27.09.2019