Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

27.03.2018

Қазақстандық 160 дарынды бала Сан-Маринода өнер көрсетеді


Алматыда «Танысу Алматы» дәстүрлі көп жанрлы өнер және мәдени байқау-фестивалі өз мәресіне жетті. Байқау нәтижесі бойынша 160 дарынды бала Сан-Маринода Қазақстанның намысын қорғауға жолдама ұтып алды.

Бұл байқау Қазақстанның Сан-Марино мемлекетіндегі консулдығының қолдауымен өтіп отыр. Италиядан келген өнер майталмандары - қазылар алқасының алдында биыл 21 наурыздан бастап  900 астам бала өнер көрсетті. «Байқау нәтижесі бойынша 5 бас жүлде берілді.  

Сонымен қатар, қазылар алқасының мүшесі Пауло Лонди 2 арнайы сыйлық тағайындады. Арнайы сыйлық вокал бойынша өнер көрсеткен 2 балаға, екіншісі бишілер ұжымына берілді. Бұл бишілер итальяндықтарды мың бұралған биімен таң қалдырды. Олар аз уақыт ішінде бірнеше ұлттың биін билеп, ұлтаралық татулық тілінде сыр шертіп берді. Жалпы алғанда 160 бала Сан-маринодағы халықаралық байқауда өз өнерін көрсетуге жолдама алды. Бас жүлде иегерлері мен арнайы сыйлық алған өнерпаздарға Италиядағы байқау ұйымдастырушылары жол-тамақ шығынын көтеріп алатын болды», - деді Халықаралық мәдени «Festival&Contest» қауымдастығының өкілі Жанна Байбақова.


Сан-Маринодағы байрақты бәсеке биыл 14 шілде мен 20 шілде аралығында өтеді. Айта кетсек, Еуропа жұршылығы алдында әлемнің түкпір-түкпірінен келген балалар  хореография, вокал, хор, аспапта ойнау, оркестр, фольклор, театр, бейнелеу, фото-шығармашылық бойынша өнер көрсететін болады.


 

 

 

 

  

 

27.03.2018