Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

27.04.2018

Алматылықтар Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқан жауынгерлерді еске алды


Алматы қаласында Чернобыль апатын жоюға қатысқан жауынгерлерді еске алу шарасы өтті.

Шараға Чернобыль апаты кезінде қала тұрғындарын қауіпсіз аймаққа көшіру және аумақты залалсыздандыру процестеріне атсалысқан қазақстандық жоюшы-жауынгерлер қатысты.

           

«Бұл барлық посткеңестік елдер үшін ортақ қасірет. Сол жылы мен студент едім. Апат кезінде жауынгерлер өз міндетін жоғары деңгейде атқарды. Ал қарапайым азаматтар, оның ішінде, аспаздан бастап даяшыға дейін сол жауынгерлерді қамтамасыз ету үшін қолынан келгенше көмектесті. Олардың ерліктерін еске алу біз үшін міндет», - дейді Ресейдің Қазақстандағы консулы Ирина Переверзева.

           
Айта кетсек, Алматы қаласында Чернобыль апатын жоюшы-жауынгерлерді еске алу ескерткіші өткен жылы апаттың орын алғанына 30 жыл толуы құрметіне ашылды. Ал бүгін апатқа 32 жыл толып отыр.


27.04.2018