2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

26.03.2020

Алматыда қоғамдық көлік 19:00-ге дейін жүретін болды


26 наурыздан бастап Алматыда қоғамдық көлік кешкі 19:00 дейін жүретін болды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Сарапшылар жүргізген талдауға сәйкес, қоғамдық көліктегі жолаушылар ағыны 70%-ға төмендеген. 

Осыған байланысты төтенше жағдай режімін қамтамасыз ету жөніндегі Алматының жедел штабы қалалық автобус маршруттары мен метроның жұмыс уақытын қысқарту туралы шешім қабылдады.

Сонымен, қаладағы қоғамдық көлік сағат 06:00 мен 19:00 арасында жұмыс істейді. 

Айта кетейік, бұған дейін жолаушылар ағынының айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, қала тұрғындарының еркін қозғалуы үшін автобустар жұмыс істеуін жалғастырған болатын. Қалааралық және қала маңындағы маршруттардың жұмысы тоқтатылды.

 


26.03.2020