Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

25.12.2018

Алматыда алғашқы небулайзер кабинеті ашылды


Алматыда Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында тыныс жолдары ауыратын науқастарға небулайзерлік терапияны жүргізуге арналған тұңғыш кабинет ашылды.

Ашылу салтанатына Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының жетекші мамандары, ғалымдар мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Кабинет ҚР Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының базасында жұмыс жасайтын болады.

Тыныс алу жүйесіндегі ауруларды емдеуге арналған кабинет медициналық жабдық өндіретін халықаралық «Homed Medical Device Co., Ltd.» және инновациялық препараттарды жасап шығаратын халықаралық «АстраЗенека» биофармацевтикалық компаниясымен бірлесе отырып ашылды. Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының мәліметі бойынша, ҚР емханаға жатқызылған науқастардың арасында өкпенің созылмалы обструктивті аурулары басым түсіп отыр.

Нақтылап айтсақ, ішінде муковисцидоз - 7,7%, бронхоэктатиялық ауру - 9,9%, созылмалы бронхит -10% және тыныс демікпесі - 15%. Емханаға жатқызылған мұндай науқастарды емдеу кезінде пероральды және парентералды дәрілік заттарды қабылдау қиынға соғады. Дәріні ингаляция арқылы енгізу науқастардың жағдайын айтарлықтай жеңілдетті. Сонымен қатар, өткір ауруларды басып, тезірек емделіп кетуге және стационарда жату уақытын азайтуға мүмкіндік береді. 

Небулайзерлік терапияны жүргізуге арналған тұңғыш палата толығымен жабдықталған. Болашақта еліміздің басқа өңірлерінде осындай кабинеттерді ашу жоспарланған. Кішкентай науқастар амбулаторияда ем қабылдай алады. 

25.12.2018