Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

25.06.2019

Алматыда алғашқы рет кешкі жүгіру өтті


Алматыда лғашқы рет 1200 адамның қатысуымен жазғы жүгіру жарысы өтті. Әуесқой желаяқшылар 12 шақырым қашықтыққа жүгірді.

 

Сондай-ақ жарыста балаларға арналған қашықтық- 3 шақырым, ал скандинавия жүрісі қашықтығы - 8 шақырым болды. Балалар арасындағы 3 км қашықтықта ең үздік Рамазан Айнегов , ал қыздар арасында ең жылдам Алина Клинюшин болды. Негізгі басты күрестің қашықтығы - 12 км жылдам бағындырған Михаил Красилов ерлер арасында бірінші орынды иеленді, екінші финалист Ержан Жанарстанов болды.

Қыздар арасында мәреге бірінші жеткен Юлия Фернас болды, ол екінші орын  жеңіпазынан 3 минут бұрын жетті. . Юлия Қырғызстандағы Алматы марафоны бойынша елші болып табылады және кез-келген елде жарыстарға қатысуға көмектесіп, тренингтер өткізеді және жарыстарға командалар жинайды. 

Бірінші орын жеңімпаздарына 50 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық, екіншісі - 30 мың, ал үшінші - 20 000 теңге табысталды.

Аталмыш маусымдық жарыстың кешкі уақытта өтуі алғаш рет. «Ғылыми зерттеу бойынша адамның биоритмдер қызметінің шыңында болған уақыты анықталған, осы уақытта дене күші оңтайлы жағдайда болады екен. Бұл кезең кешкі алтыдан басталады және сегізнен кейін жалғасады. Сол себепті біз жазғы жаттығуды кешке өткізуге шешім қабылдадық», - дейді жоба менеджері Борис Пен.

Сондай-ақ жүгірушілер үшін жаңа орын - «Almaty Arena» көпсалалы кешен таңдалды. Мұнда қазірдің өзінде қалалық, республикалық және халықаралық іс-шаралар өткізуде. «Жазғы жарыс 1200 қатысушыны жинады. 1040 қатысушы -12 км- қашықтық, 110 бала 3 км және скандинавия жүрісімен 8 шақырым жүрген 50-ге жуық қатысушы болды, жыл сайын біз көбейіп келеміз, әр жарыс кезінде біз жайлы, кең ойын алаңын іздейміз. Өкінішке орай, қалалық саябақтар жүгірушілер мен олардың жанкүйерлерін ыңғайлы орналастыруға дайын емес. Ал «Алматы арена» - бұл тамаша орын. Тегіс тас жол және жеңіл маршрут», - деді «Бірінші болу батылдық» қорының атқарушы директоры - Салтанат Қазыбаева.

«Алматы марафон» командасының алдағы жоспарларына сәйкес, алдағы уақытта суда жүзуден жарыс (30 маусым) және велосипед әуесқойлары үшін 2019 жылғы World Class Almaty турнирі (18 тамыз) өтеді. Ал 13 қазанда Алматы жарты марафоны екінші рет өткізіледі. Тіркеу almaty-marathon.kz сайтында.

25.06.2019