Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

25.06.2018

Алматыда «Ұлы дала көшпенділері» халықаралық этнофестиваль өтті


Аллматыдағы «Боралдай сақ қорғаны» археологиялық саябағында екі күнге созылған «Ұлы дала - көшпенділер әлемі» халықаралық этнофестивалі өтті.

              

Оған бірінші күні 15 мыңнан аса көрермен  келді. Дәстүрлі шараға Мажарстан, Моңғолия, Украина, Өзбекстан, Башқұртстан, Дағыстан, Саха, Тыва, Алтай Республикасы халқының өкілдері қатысты. Сақ қорғандарының үлкен алаңында бой көтерген ақ боз үйлер мен шатырлар өткен ғасырдан сыр шеткендей болды.

                                                                                                                                                                             

Фестиваль қонақтары кәсіби бүркітшілердің, шабандоз жігіттер мен көкпаршылардың, садақ атушылардың, палуандардың жекпе-жегін, ат үстінде тұрып жерден теңге ілетін жігіттердің шеберлігін тамашалап, ұлттық ойындарға қатысып, ұлттық тағамдардан дәм татты.

           

Бұдан бөлек фестивальдің концерттік бағдарламасында әлемдік этникалық музыканттар өнер көрсетті. Оның ішінде этно-фольклорлық «Сазген сазы» ансамблі, «Ұлытау», «Алашұлы», «Самрад» топтары бар.

           

           

25.06.2018