Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

25.04.2019

Алматыда қауіпсіздік жүйесі жаңа технологиясының көрмесі өтті


Алматыда Securex Kazakhstan 2019 «Қорғаныс, қауіпсіздік, құтқару құралдары мен Өртке қарсы қорғаныс» халықаралық көрмесі ашылды.

Көрмеде Қазақстан, Қытай, Ресей, БАӘ, Чехия мен басқа елдердің 40-тан аса компаниясы 100-ге жуық брендін ұсынады. Шара барысында 24-26 сәуір аралығында іскерлік кездесулер, презентациялар, нарық қатысушылары арасындағы келіссөздер мен мамандарға сертификат берілетін семинарлар өткізіледі.

 «Жыл сайын біздің көрмеге қызығушылық артып келеді. Себебі, осында кәсіпорындардың, тұрғын үйлердің, пәтерлердің қауіпсіздігіне кепілдік беретін заттарды табуға болады. 9 жыл бұрынғы технологияны қазіргімен салыстыруға келмейді. Индустрия бір орында тұрмайды. Заманауи бейне бақылау, қозғалысты анықтайтын құрылғылар сұранысқа ие. Бұрын бейне бақылау ақ-қара түспен көрсетілсе, қазіргі камералар түрлі-түсті әрі ақылды саналады. Одан бөлек, қазір GPS жүйесімен ғаламтор арқылы әлемнің басқа жағынан да өз объектіңді бақылап отыра аласың», - деді көрменің басқарушы жетекшісі Юлия Палагутина. Оның айтуынша, ақпараттық қауіпсіздік, банктердің компьютерлік қауіпсіздігі, дерекқор саласының қорғаныс технологиялары жақсы дамып келеді. «Бұл көрмеге бізді жыл сайын шақырады. Өрт қауіпсіздігі технологиясы жаңа деңгейге көтерілуде. Көрмеде өрт сөндіру спринклерлік технологиясы көрсетілгенін байқап қалдым. Бұл жаңа технологияның түрі - өрттің шығу жерін емес анықтай қоймай, сол тұстағы жалынды қашықтан басқару арқылы сөндіруге мүмкіндік береді. Бұл жүйе бүкіл объектіні сақтай алады», - деді Алматы қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Марат Бекбаев.

Securex Kazakhstan 2019 шарасы бұрын Ресейде, Қазақстанжа және Орталық Азияның басқа елдерінде Securika бренді бойынша өткізіліп келді. Биыл көрме ұйымдастырушылары оны Securex (EX қосымшасы EXPO сөзінің қысқартылған түрі) деп өзгертіп, шетелдік брендтердің қатысуы есебінен экспозияцияның халықаралық бөлігін күшейту жөнінде шешім қабылдады.


25.04.2019