2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

25.03.2020

Алматы әкімдігі подъездер мен аулаларды дезинфекциялау жұмыстарын күшейтті


Қалада карантин жарияланған күннен бастап дезинфекциялау жұмыстары, заңдылықтарға сәйкес, ПИК (КСК) және басқарушы компаниялар тарапынан жасалған болатын. Қалада коронавирус инфекциясының кеңінен таралып келе жатқандығын ескеріп, сондай-ақ, тұрғындардың өтінішіне орай, 25 наурыздан бастап бұл жұмыстарды қалалық әкімдік атқаратын болды.

Мұндай шешімді төтенше жағдай бойынша құрылған жедел штаб қабылдады. Енді қаладағы 4 мыңнан астам аула мен 24 мың подъезге санитарлық тазалау жұмыстары жүргізіледі. Дезинфекциялау жұмыстарын арнайы компания аптасына екі рет бекітілген кестеге сәйкес жүргізіп отырады.

Осы орайда айта кету керек, бір күн ішінде қаланы түгел қамту мүмкін болмайтындықтан, қала аумағы үш бөлікке бөлінген.

Подъездердегі тұтқаларды, кірберістерді жуып тазалау ПИК тарапынан жасалады.

Кез-келген сұрақтар бойынша Open Almaty 1308 нөміріне хабарласуға болады. Барлық ресми ақпаратты Алматы қаласы әкімдігінің ресми сайтынан және әлеуметтік парақшасынан да оқи аласыз.

Қосымша ақпараттар Stopcov Almaty Telegram-каналына және Darmen қосымшасына жедел орналастырылып отырады.

                                                                                                                       https://almaty.gov.kz

25.03.2020