Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

24.04.2018

Осы жазда Алматыда 12 шақырымнан астам жылу желілері қайта жөнделеді


Алматыда осы жазда 12 шақырымнан астам жылу желілерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары жүргізілуде, ал 10 мамырдан бастап қаланың жеті көшесінде сегменттік шектеу қойылады.

Аталған жұмыс – тұрғындарға үздіксіз ыстық сумен қамтамасыз ету, соның ішінде уақытша жол схемаларын ұйымдастыру арқылы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады.

           

Биылғы жылғы жылу жүйелерін жаңғырту жұмысы келесі көшелерге жоспарланған Бөгенбай батыр (Мұқанов/Айтиев), Жамбыл (Пушкин/Назарбаев), Қазыбек би (Валиханов/Абдуллиндар), Қарасай батыр (Наурызбай батыр/Чайковский), Төле би  (Варламов/Өтеген батыр/Отарский), Чайковский (Қарасай батыр/Төле би) және Шагабутдинов (Құрманғазы/Орталық стадион).

           

«Әрбір нысан үшін нақты жұмыс кестесі жасалды, жабдықтар мен жұмысшылардың саны анықталды. Барлық жөндеу нысандарында мердігер ұйым туралы, жол белгілері, жаяу жүргіншілер өткелдері туралы мәліметтермен орнатылады. Көптеген нысандар шілде айының соңына дейін қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, ең күрделі және кеңейтілген учаскелер тамызда пайдалануға беріледі. Барлық жұмыстар жөндеу жүргізілген аумақ айналасын қоса аббаттандыру арқылы жүргізіледі,-дейді қала әкімінің орынбасары Алмас Мадиев.

Қала басшысы сондай-ақ Энергетика және коммуналдық шаруашылық Басқармасына ертеректе жол жөндеу жұмыстарын жүргізген жолдардың отырып, ойылуын қалпына келтірілу бойынша учаскелерге талдау жүргізуді тапсырды, ол кепілдік міндеттемелері бойынша мердігерлермен қалпына келтіріледі.

Айта кету керек, 2018 жылы Алматыда 157 көшені жөндеу жоспарланған.

Қалпына келтіру жұмыстары аясында қаланың бірқатар маңызды көшелері жаңартылатын болады, оның ішінде Абай, Абылай хан, Назарбаев және басқа көшелері. Осыдан бұрын қаламызда жөнделген 455 аулалардан өзге, қаланың барлық аудандар бойынша тағы 585 аула жөнделеді.

24.04.2018