2020 жылдың 13 шілдесі
Қазақстан Республикасындағы
ұлттық аза тұту күні
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

24.01.2020

әл-Фараби мен Абай бейнеленген монета және марка шығарылды


Қазақстанның Вашингтондағы Елшілігі әл-Фарабидің ескерткіш монеталарын, сондай-ақ Абай Құнанбайұлы бейнеленген пошта маркаларын шығаруға бастамашылық етті.

                            

Монетаның алдыңғы жағында әл-Фараби бейнеленген, ал екінші жағында қазақ халқының мәдени және рухани мұрасының қайта өркендеуін бейнелейтін бүркіт бейнеленген «Рухани жаңғыру» логотипі орналасқан. 

Сонымен қатар, Елшілік биыл әл-Фараби мен Абай Құнанбайұлының мерейтойларына арналған бірқатар іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр. 

              

Атап айтқанда ақпан айында АҚШ-тың жетекші университеттерінде қазақ фильмдерін көрсете бастайды.

Жыл бойы фотокөрмелер мен дөңгелек үстелдер, сондай-ақ америкалық сарапшы және академиялық топтар үшін Абай Құнанбайұлы мен әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы туралы кітаптардың көрсетілімдерін өткізу жоспарлануда. 

Сондай-ақ, елшіліктің ақпараттық ресурстарында батыс саяхатшылары жасаған 19 ғасырдағы Қазақстан тарихының фотосуреттері тұрақты негізде орналастырылуда.

 

24.01.2020