Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

24.01.2018

Шаһар басшысы Алматыны дамытудың 50 драйверін атады


  Бүгін Алматы әкімдігінде Президенттің Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын жүзеге асыруға арналған қала активінің жиналысы өтті.

           

Жиын барысында Бауыржан Байбек «Алматыны дамытудың 50 драйвер-жобасы» жобасының басталғанын хабарлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Алматы әкімі Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында үш маңызды мәселені шешуді - экономикалық өсім мен азаматтардың тұрмыстық жағдайын жақсартуды, адами капиталды дамытуды, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруды алға міндет етіп қойғанын атап өтті. «Елбасы биылғы Жолдауында белгілеген 10 нақты міндет - еліміздің әлемдік төртінші өнеркәсіптік революция дәуірінде жаңа технологиялық дамудан қалыс қалмаудың негізгі тетіктері.

Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асырудың жобалық қағидасы бойынша біз эконономиканың одан әрі дамуын және қала келбетінің оң өзгерісін қамтамасыз ететін «Алматыны дамытудың 50 драйвер-жобасы» бастамасын қолға алдық. Әрбір жоба бойынша нақты мерзімдер, орындаушылар мен ресурстар анықталды. Олардың басым көпшілігі 30%-ы әлеуметтік саладағы жобалар, 4/1 бөлігі көлік саласындағы жобалар, 10 %-ы энергетика мен абаттандыру бойынша. Бұлардың барлығы жобаның мақсаттары мен міндеттеріне сай, сондықтан оларды міндетті түрде жүзеге асыру қажет», - деді Бауыржан Байбек.

50 драйвердің маңыздысы - Индустриялды аймақты дамыту. Бүгінде мұнда құны 180 млрд. теңге болатын 41 жоба іске асып жатыр. Жобаларды жүзеге асыруда экспортқа бейімделуге, импортты алмастыруға және қала экологиясы мен қауіпсіздігі үшін өндірісті қала сыртына шығаруға жете назар аударған жөн. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Алматы» АЭА болып қайта құрылатын «Алатау» инновациялық технологиялар паркі солардың бірі болып отыр. Әлеуетті салалар тізімін кеңейту жоспарланып, фармацевтика, өндірістік қорғаныс, машина жасау салалары бойынша жобалар қолға алынады. «Мемлекет басшысы кәсіпорындардың энергиялық үнемі мен энергия жинақтауына, энергияны шығаратындардың экологияны жасқартуға және жұмыс тиімділігіне талаптарды күшейтуді тапсырды.     

    Сонымен қатар, шағын және орта бизнесті кеңінен тарта отырып тұрмыстық қатты қалдықтарды жою мен өңдеу бойынша нақты шешімдер қабылдау жөнінде тапсырмалар берілді. Біз қазірдің өзінде «жасыл энергетикаға» көшу бойынша жұмыстар жүргізудеміз», - деді әкім.

     Оның айтуынша, жеке сектордың 96%-ы газға көшірілген, жыл аяғына дейін жеке сектор толық газбен қамтамасыз етіледі. Ал 2021 жылы Алматы агломерациясы аймағындағы 4 мың жеке үй газдандырылады. ЖЭО-1 модернизацияланып, тозығы жеткен қазандықтардың орнына құны 35 млрд. теңгеден асатын жаңа газ қазандықтары орнатылады. Қазіргі кезде «Самұрық-Энергомен» бірге ЖЭО-2 газға көшіруге қатысты техникалық экономикалық негіздеме жасалып жатыр. Бұлардан өзге экологиялық қоғамдық көлік пайда болады. Қазірдің өзінде автопарктердің 60%-ы, газбен жүретін автобустар мен троллейбустар, автобус паркі 30%-ға жаңарды, метроның жаңа 2 бекеті салынуда.

     Биыл МЖӘ қағидасы бойынша жедел рельсті көлік құрылысы жобасын қолға алу жоспарланған. FalconEuroBus қазақстандық-неміс компаниясы үшінші кезеңдегі электромобильдер шығаратын зауыт салып жатыр. Электромобильдерді пайдалануды ынталандыру бойынша жұмыс жүріп жатыр. Қазірдің өзінде қалада 12 электрожабдықтау станциясы жұмыс істеп тұр, 2019 жылдың соңына дейін тағы да 47 ЭЖ пайда болады. 1 тамызға дейін итальяндық технология бойынша жылына қуаты 500 мың тонна қоқыс сұрыптайтын кешенді іске қосу жопарланған. Мегаполис басшысы қала экономикасын дамытуда көлік- логистикалық инфрақұрылымды одан әрі модернизациялаудың маңызы зор екенін атап өтті. Қазірдің өзінде басталып кеткен ауқымды БАКАД жобасы Алматыны «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жүйесіне енгізіп, қаланың көлік жүктемесін 10%-ға азайтады. Әуежайды жаңғырту да осы бағытты дамытуға ықпал етеді. Бұлардан өзге 2017 жылы 7 өзен көпірі жөнделді, 5 өтпелі жол салынды, 29 млрд. теңгеге ұзындығы 174 шақырымнан асатын жол жөнделді. Бұл соңғы жылдардың рекордтық көрсеткіші болып табылады.

     Қаладағы 38 ЖОО-дан бөлек жаңа бастама аясында екі жаңа халықаралық мектеп құрылысы басталады. Оқушылар сарайы базасында кәсіпкерлік негіздеріне үйрететін бизнес-инкубатор құрылады. Жастар саласының мәселелерін шешу үшін 2020 жылға дейінгі жастарға қолдау көрсетудің Жол картасы қабылданған. Жалпы, 2017 жылы 45 мың жаңа жұмыс орны ашылды. «Адами капиталды дамытудың басты аспектісі - ұлттың денсаулығы. Сондықтан науқастың алдын алуға жете назар аударылуы тиіс. Бұл - ең алдымен алғашқы диагностиканы дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау. Алдағы үш жылда драйверлерді іске асыру үшін 4 ірі медициналық нысандар салынады, олар: онкологиялық орталық, қазақ -жапон диагностикалық орталығы, ЭКО орталықпен бірге перзентхана, MountSinai халықаралық госпиталі», - деді қала басшысы. Мегаполис әкімі Жолдауды жүзеге асыруда цифрландыру аспектісі мен Smartcity жобасының маңызы зор екенін айтты.

      Бүгінгі күні Алматы - цифрландыру бойынша Қазақстан қалалары арасында көшбасшы. IT-өнімдерде қаланың алатын үлесі 50%. Smartcity аясында қауіпсіздік, селдің алдын алу мониторингі, қоғамдық көлік, білім мен денсаулық сақтау салаларында цифрлы жобалар жүзеге асуда. Барлық цифрлы жобалар экономикалық тиімділік, ашықтық, кедергілерді және муниципиалды қызмет көрсету мерзімін қысқарту, өмір сүру мен бизнесті дамытуға жақсы жағдай жасау сияқты басты қағидаларға негізделген. Қалалық актив барысында Алматыны дамыту орталығының басшысы Жанна Төлегенова Индустрия 4.0 мен қазірдің өзінде жүзеге асқан Смарт Алматы жобалары туралы айтты.

     Оның айтуынша, пилотты режим ретінде CISCO халықаралық компаниясымен бірге интеллектуалды көлік жүйесі қолға алынған. №71 мектеп- лицейдің директоры С.Кулик Президенттің халыққа арнаған Жолдауындағы басты міндеттің бірі қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру екенін атап өтті. «Әрине, басқа графикаға көшкен кезде міндетті түрде тіл жаңарады. Ең алдымен бұл заманауи технологиялар мен коммуникацияларды енгізуге, 21 ғасырдағы ғылым мен білім процесстеріне қатысты. Латын графикасы барлық қолданыста мемлекеттің тілдің мәртебесін арттырады. Лингвистердің айтуынша, осы жағдайда жаңа терминдерді, өзге сөздерді қазақ тіліне енгізу проблемасы жойылып, біз өз фонетикамызға барынша жақындайтын боламыз. Ал бұл «Рухани жаңғыру» бағдарламасында көрсетіліп,Президент Жолдауында айтылғандай Қазақстанның әлемдік білім кеңістігіне енуі болып табылады», - деді ол.


 


 

24.01.2018