2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

23.12.2019

Алматыда балалар үйінің тәрбиеленушілерін коньки тебуді тегін үйретеді


20 желтоқсаннан бастап Алматы әкімдігінің қолдауымен қаладағы әлеуметтік мұз айдындарында балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін тегін үйрену науқаны басталады.



Бұл шараның мақсаты - жас ұрпақты спортқа баулу және салауатты өмір салтын насихаттау.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, нұсқаушылар 10-15 жас аралығындағы балаларға коньки тебуді үйретпек.


Арасында ыстық шәй беріледі. Балаларға Жаңа жыл қарсаңында сыйлықтар да қарастырылған.


Бұл науқан мұз айдындары жұмыс істеп тұрғанға дейін жалғаса бермек. Барлығы 80-нен астам бала коньки тебуді үйренеді. 

 

 Еске салайық, осы маусымда қалада коньки тебу үшін төрт алаң ашылды. Олардың үшеуі - Тұңғыш Президент паркінде, 28 панфиловшылар саябағында және Наурызбай ауданы әкімдігінің алдында, төртіншісі – Түріксіб ауданындағы «MART» СО алдындағы алаңда орналасқан.

23.12.2019