Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

23.09.2018

Алматыда Медеуде Баспалдақ -2018 баспалдақпен жүгіру жарысы өтті.


Медеу» шатқалындағы селден қорғау бөгетінде «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында дәстүрлі «Баспалдақ-2018» бұқаралық жүгіру жарысы 30-шы рет өтті.

Жарысқа 1000-нан астам 7 жастан асқан кез келген әуесқойлар, отбасылық командалар қатысты. Олардың арасында ең үлкені 71 жастағы Владимир Гашута болды. Кезінде танымал спортшы болып, гиннес рекордына енген акробатшы биыл да кезекті жеңісіне қол жеткізіп, өз жас дәрежесінде (60-тан жоғары) 100 сатыны бірінші болып бағындырды.
        

Бұл қалалық жарыс 100, 200, 300, 500 және 841 баспалдақ бойынша әр түрлі жас айырмашылығы бойынша өткізілді. Қызықты өткен сайыс соңында барлық қатысушылар мен қонақтар «Galam live band» тобының жанды дауыста айтылған әндерін тыңдап, көңіл көтерді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер барлық жас ерекшеліктеріне сәйкес медал және сыйлықтармен марапатталды, ал белсенді қатысушыларға жарыс ұйымдастырушылары мен серіктестері атынан сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, барлық қатысушылар жарысқа қатысқаны үшін сертификаттарға ие болды. Аталмыш спорттық шара бұқаралық спорттың дамуына бағытталған «Спорттық Алматы» бағдарламасының аясында өткізілді. 

         
23.09.2018