2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

23.06.2020

Сағынтаев полиция және мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекемен құттықтады


Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалалықтардың басты талабы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету екенін атап өтті.

Алматы әкімі өзінің Twitter-дегі парақшасында құттықтауын жариялады.

«Полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, халықтың амандығын сақтап жүргендердің алдыңғы қатары – сіздерсіздер. Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!», — деп жазды Б. Сағынтаев.

Алматы әкімдігінің жұмысындағы басты міндеттердің бірі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету екені бұрыннан белгілі. Осынау абыройлы істі жүзеге асыру үшін өткен жылдан бастап көшелер мен аулаларды патрульдеу күшейтілді, қаланың барлық аудандарында полицияның мобилді  пункттері ашылды.

Нәтижесінде қылмыс деңгейі  күрт қысқарды. Бүгінгі күні екі мыңнан астам полиция қызметкері тәулік сайын қоғамдық тәртіпті  сақтау жолында аянбай қызмет етуде.

Төтенше жағдай кезінде полиция қызметкерлері медиктермен, санитарлық дәрігерлермен, әскерилермен бірге блок бекттерде тәулік бойына өз міндеттерін мүлтіксіз  орындап, қалада құқықтық тәртіпті  қамтамасыз етті. Бұл шараларға бес мыңнан астам полиция қызметкерлері тартылды.

Сондай ақ «Мемлекеттік қызметші күнімен де  құттықтаймын! Елге қызмет ету – мәртебелі міндет. Негізгі қағидасы – өз ісіне адал болып, абырой биігінен көріну. Ең бастысы – халық үніне құлақ асып, ел мүддесі үшін еңбек етеміз. Денсаулық пен табыс тілеймін», — деп жазды Б. Сағынтав.

Еске салсақ, Бақытжан Сағынтаев Алматы әкімі лауазымындағы алғашқы жұмыс күні  қала тұрғындарына үндеу  жасап, Facebook, Instagram және Twitter-де өзінің парақшаларын  ашатындығын хабарлаған болатын.

«Алматы әрқайсымыздың жүрегімізден ерекше орын алған қала, Алматыға деген әр қазақстандықтың ықыласы ерекше. Менің басты мақсатым – Алматының әр тұрғыны берекелі өмір сүретін, қауіпсіз де қолайлы, заманға сай мегаполиске айналдыру. Біз оған тек бірге, тізе қосып еңбек ету арқылы жете аламыз. Сондықтан Сіздердің талап-тілектеріңізді біліп, уақытылы жауап беру мен үшін өте маңызды. Қаланың проблемалары мен даму стратегиясын Сіздермен бірге ашық талқылағым келеді. Барлығымыздың тағдырымызбен байланысты маңызды шешімдерді әзірлеп, қабылдау кезінде сіздердің қолдауларыңыз мен үшін маңызды. Ақылдаса отырып, бірге жұмыс істейік!», — деген болатын сол кезде қала әкімі.

23.06.2020