Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

23.04.2018

Қайырымдылық "Алматы Марафоны - 2018"


Алматыда  дәстүрлі «Алматы марафоны» жарысы басталды. Игі бастама биыл өзіндік рекорд жаңартып, 14 мыңнан астам желаяқтың басын қосты.

           

Осымен жетінші рет өтіп жатқан жарысқа еліміздің өзге қалаларының тұрғындары мен шет мемлекеттің азаматтары да қатысты.

 Алматы марафоны – Орталық Азиядағы ең ірі жарыстардың бірі. Әркім өз шамасына қарай қашықтық таңдайды. Балалар 3 шақырымға, ал үлкен адамдар 10 шақырымға жүгіреді. Жартылай марафон және 42 шақырым 195 метр болатын классикалық марафон бар.

           

Алматы марафонының танымалдылығы жылдан-жылға өсіп, алыс-жақын шет мемлекеттерден келушілердің саны көбеюде. Бұл – спортсүйер қауым үшін нағыз мереке. Ал қала тұрғындары жарыс жолының бойына шығып, қатысушыларға қолдау көрсетіп, жігерлендіріп отырды.

          

Биылғы марафонды алматылық Михаил Красилов  ұтты. Ол 42 шақырым 195 метр қашықтықты 2 сағат 32 минутта бағындырды. Алматы марафоны әлемдегі халықаралық қайырымдылық марафондарының қатарына кіреді. Жарысқа қатысушылардың төлеген жарналарының барлығы балалар үйіне беріледі.



23.04.2018