Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

22.05.2018

Алматыда XV Еуразиялық медиа форум басталады


Бүгін Алматыда XV Еуразиялық медиа форум басталады. Биылғы форумға «Эволюцияның 15 жылы: әлем өзгерісі мен бізді өзгертуі» деген айдар тағылған. Айтулы шараға 60-тан аса мемлекеттен 600-ге жуық делегат қатысуда.

           

Бағдарламаға сәйкес салтанатты рәсімге ақпараттық және коммуникация министрі Дәурен Абаев, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек және Еуразиялық Медиа Форум Ұйымдастыру комитетінің төрағасы Дариға Назарбаев сөз сөйледі.

Форумның қонақтары мен қатысушылары - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, Италияның бұрынғы Премьер-Министрі Мате Ренци, түрлі халықаралық ұйымдар мен шетелдік БАҚ өкілдері.

           

Еуразиялық медиа форум күн тәртібінде ағымдағы уақыттың бірқатар өзекті және маңызды мәселелеріне, соның ішінде әлемді жаһандық қайта құруға, ықтимал өзара әрекеттесу сценарийлеріне, «жасыл экономиканың» тұжырымдамасына, ақпараттық революцияның салдары мен инвестициялардың рөлі.


22.05.2018