Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

22.03.2019

Жасотандықтар «Қызғалдақ сыйла» челленджін жалғастырды


Алматы Наурыз мерекесін тойлауды бастап кетті. Бүгін көшеде қыдырып жүрген халыққа қызғалдақ пен бауырсақ таратылды.

 

Алматы әкімдігі мен «Nur Otan» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының  «Қызғалдақ сыйла!» республикалық челленджін қабыл алып, одан әрі жалғастырды.                                                                                                                                          

 Акция нәтижесінде Наурызды тойлауға жиналған қауымға тәттіден шашу шашылып, бір тал жауқазыннан таратылды. «Біз осы акция арқылы тұрғындардың көңіл күйін көтермек болдық. Наурыз тек қазақтың ғана мейрамы емес, бүкіл түркі дүниесінің мейрамы. Береке мен молшылықтың символы іспеттес, шашу шашылды. Бұл қазақтың ежелден келе жатқан дәстүрі. Шашудан ауыз тиген адамның үйінде той болады деген сенім болған.  

Қазақтың әр шаңырағында қандай аздаған қуаныш болсын, шашу шашылатын болған. Сонымен қатар, алматылықтарға бауырсақ таратылды», - деді қалалық Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Данияр Алиев.

 
22.03.2019