Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

22.03.2018

Алматылықтар Наурыз мерекесін атап өтуде


Алматыда Наурыз мейрамы кең көлемде мерекеленді. Қаланың барлық сегіз аудандарында халықтық серуендер өтуде, ал мерекенің негізі тартылыс нүктелері - қайта жаңарған «Астана» алаңы, Панфилов және Жібек жолы көшелері, Алатау ауданындағы Атлеттер ауылы мен «Алматы Арена» болуда.


Қала тұрғындары мен қонақтарын айтулы мерекемен құттықтаған Алматы әкімі Бауыржан Байбек Наурыздың адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының ажырамас бөлігіне айналған ғажап мереке екенін атап өтті.

«Бүгін біздің халқымыздың Наурыз мейрамымен қауышқанына 30 жыл толып отыр. Кеңес дәуірінде тыйым салынған ұлттық мерекеміз Алматыда 1988 жылдың көктемінде бір топ ұлт зиялыларының бастамасымен, сол кездегі Қазақ ССР-і Министрлер кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауымен қайта жаңғырды. Сол кездері Мемлекет басшысы «Наурыз – ғасырлар қойнауынан бастау алған ерекше ұлық мерекеміз, жақсылықтың жаршысы, жаратылыстың шынайы жыл басы» деп атап өткен болатын», - деді Бауыржан Байбек.

 

«Астана» алаңында мыңдаған қалалықтар мен мегаполистің қонақтары үшін ерекше концерттік бағдарлама кең құлаш жайды. Халықтық композициялар мен сүйікті әндерді әнші Роза Рымбаева, «МузАРТ», «Дос Мұқасан» топтары және басқалары орындады. Отандық эстрада жұлдыздарымен қатар 12 елдің шығармашылық ұжымдары, соның ішінде Үндістанның Өзбекстанның, Иранның, Ауғанстан мен Пәкістанның, Қырғызстанның және басқаларының өнерпаздары белсенділік танытты.


Дәл осы жерде ұлттық тағамдар фестивалі өтті, қала тұрғындары мен қонақтарына бауырсақ пен Наурыз көже таратылды, киіз үй тігіліп, сауда шатырлары, түрлі инсталляциялар «кереге құрақ», «қос», «абылайша» және басқалары көз тартуда.

Жібек жолы мен Панфилов көшелерінде әлемнің әр елінің қышпен, зергерлік бұйымдармен, керамикамен, жібек жіппен жұмыс істеу және ортеке, шырдақ, басқалары бойынша шеберлік сыныптары ұйымдастырылды.


Қайта жасалған көшелерде театрландырылған көш керуені өтіп, суретшілердің пленэрлері, спорттық сайыстар, жастар арасындағы авторлық ән байқауы, балалар ойындары, өлең оқу, би нөмірлері, театр қойылымдары және басқалары ұйымдастырылды.

Жібек жолы бойындағы ең ұзын «Құрақ көрпе» тігілген алаң келушілерді ерекше тәнті етті. Шеберлер мегаполисте құрақ көрпе тігуден «Гинесстің рекордтар Кітабының» жаңа рекордын жасауға талпынуда. Ұлттық «Құрақ көрпенің» ұзындығы 25 мың шаршы метрден асады деп күтілуде.

Бұлардан өзге, «Almaty Art Center» аллеясы алдында сауда алаңы жұмыс істеп, қонақтарға «Qazaq Oner» қолөнершілер орталығының ұлттық сувенирлері, киімдері, hand made өнімдері ұсынылды.

Меркелік шаралар соңы «Астана» алаңында сағат 21.00-де өтетін ауқымды отшашуға ұласты.

Айта кетерлігі, Наурыз мейрамы өткен барлық негізгі локациларды тікелей көрсету үшін Алматыда 40 медиабордтар ұйымдастырылды. Телекөрермендер үшін «Алматы» телеарнасы тікелей трансляция жүргізді.

 

22.03.2018