Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

22.01.2018

Алматыда халықаралық қор күнін атап өтті.


Кешегі жексендіде Алматылықтар мен қала қонақтары «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндер кешенінде Бүкіләлемдік қар күнін атап өтті.

           

Мереке аясында спортшылар қысқы спорт түрлерін, шаңғы жарыстары, шаңғы қоссайысы, тау шаңғы спорты, фристайл және шаңғымен тұғырдан секіруден күш сынасты. Фестивальдің салтанатты ашылу рәсіміне ұйымдастырушылар, қонақтар мен «Сұңқар» трамплиндер кешенінің басшылығы да қатысты. Олар жарыс қатысушыларына сәттілік пен жарқын жеңіс тіледі.
           
 Жарыс төрешілерінің айтуынша, шаңғымен тұғырдан секіруден тек тәжірибелі спортшылар ғана бәстесті. Атап айтсақ, 7 спорттық мектеп тәрбиеленушілері өзара мықтыны анықтады. Ал қалған спорт түрлерінен барлық қалаушылар мен шаңғы жарыстарының әуесқойлары бақ сынасты. Сонымен қатар фестиваль қонақтары көптеген қызықты сайыс пен шараның куәсі атанды. Кішкентай бүлдіршіндер де уақытты қызық өткізді. Олар бұқа тартыс, шанамен жарыс және тағы да басқа ойын-сауықтыру сайыстарына қуана қатысты. Бүкіләлемдік қар күнінің ұраны мерекенің мақсаты мен тұжырымдамасын айқындап тұр. «Explore, enjoy, experіence» ұраны үйрену, сезіну, ләззат алу ұғымдарына үйлеседі. Қар күні мерекесінің мақсаты – өскелең ұрпақты салауатты өмірге, белсенді болуға, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

22.01.2018