Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

21.12.2017

Алматыда «Үздік жаңа жылдық безендіру» конкурсы жарияланды


 Алматы әкімдігі мерекелік атмосфераны қалыптастыру, қаланың сыртқы келбетін жақсарту, қала кәсіпкерлері мен ұйымдарын ынталандыру мақсатында «Үздік жаңа жылдық безендіру» конкурсын жариялаған еді.

 Байқауға өз ғимаратының сыртын немесе жақын орналасқан аумақты безендірген әрбір кәсіпорын, шағын және орта бизнес объектілері қатыса алады. «Үздік жаңа жылдық безендіру» конкурсы мына носмианциялар бойынша өтеді:

- Алматы қаласының аудандары арасындағы үздік жаңа жылдық безендіру;

- Сауда ұйымдарын, тамақтану және мәдени-демалыс мекемелерін (магазиндер, кафелер, мейрамханалар және басқалары) үздік жаңа жылдық безендіру;

- Әкімшілік ғимараттарды үздік жаңа жылдық безендіру (офистер, банктер және басқалары);

- Оқу және медициналық орындар арасындағы үздік жаңа жылдық безендіру.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жұмыстарды қараған кезде креативтілік, көркемдік нақыш, ерекшелік және ғимараттарды безендірудегі композициялық шешімдер басты назарға алынады.

Конкурс жыл аяғына дейін созылады, ал оның қорытындысы 2018 жылдың алғашқы онкүндігінде жарияланады. Жеңімпаздарды анықтау үшін конкурстық комиссия әр жерге арнайы барып, конкурстық жұмыстарға баға беретін болады. Мұнда қала тұрғындарының әлеуметтік желілер мен Интернетте жазған пікірлері ескеріледі.

                                                                                                                            https://almaty.gov.kz/

21.12.2017