Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

21.06.2018

Алматы көшесінде сурет көрмесі пайда болды


Алматыдағы Панфилов көшесінде  қаламыздың көрікті жерлерін бейнелеген билборттар пайда болды. "Алматыдағы бір күн" атты ашық аспан астындағы ерекше сурет көрмесі енді   алматылықтардың көз қуанышына айналатын болды.

           


Ерешке көрме Панфилов атындағы көшенің жаяу жүргіншілер жолы бойында ашылды. Көрмеге қаламыздың ең көрікті жерлері, ғимараттар мен қала пейзажы, қаланың күнделікті және мереке кезіндегі тыныс- тіршілігі бейнеленген суреттер қойылған. Көрменің алғашқы қонағы болып алып шаһар басшысы  Б.Байбек келді.

"Алматыда осындай әдемі таулар, табиғи сәнділік бар. Алматы - тек алматылықтардың ғана емес бүкіл Қазақстанның мақтанышы, Алматы- Қазақстан Республикасыынң Тәуелсіздік алған алғашқы 7 жыл еліміздің астанасы болып, тұрақты, табысты және сенімді дамытуға мүмкіндік берді, ал қазір   мәдениет, рухани, спорт, білім беру және, ең бастысы, бизнес және жеке меншік капитал орталығы ретінде дамып келеді », - деді мегаполис басшысы.

Сондай ақ, Алматы  қ. әкімі шаһарды  алдағы уақытта  дамыту жоспарларымен бөлісіп өтті.

21.06.2018