Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

21.03.2019

Алматы көшелерінде Наурыз 2019 шеруі өтті


Алматы көшелерінде Наурыз 2019 шеруі өтті. Ұлыстың ұлы күнінде қазақ эпосының батырлары, ертегі кейіпкерлері орталық көшелермен жүріп өтті.
 


Ұлттық костюм киген 2 мыңға жуық адам, бүркітші, құсбегілер, тазы баптаған аңшылар Алматы көшелерінің сән салтанатын келтірді.
  

«Наурыз шеруі» Абай көшесімен қазақ мемлекеттік циркі жанынан сап түзеп, Абылай хан көшесімен Қабанбай батыр көшесіне дейін жүріп барып, Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театры маңайында тоқтады. Самарқанның көк тасын еріткен Наурыз мейрамын, көктемнің жылы лебін жеткізуге, ұлттық нышанды көрсетуге мәдениет саласының, этностық бірлестіктер, ЖОО студенттері мен мұғалімдері, бүркітшілер мен кәсіби аңшылар қатысты.

 

Биыл бірінші рет қазақтың төл тарихының кейіпкерлері, қазақ эпосының кейіпкерлері мен батырлары, алтын адам, хан-сұлтандар шеп құрады. Бұл көктем мерекесі, бірлік пен татулықтың белгісі. 

 

Шеру соңынан аспанға ақ көгершіндер ұшырылды. 

21.03.2019