Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

21.03.2018

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады


ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады.

"Құрметті отандастар, келе жатқан көктем мен жақсылықтың мерекесі - Наурыз мейрамы барша қазақстандықтарға құтты болсын! Бұл - ұзын қыстан кейін, аяз бен бораннан кейін асыға күтетін мерекеміз. Менің Жарлығыммен, Наурызды үш күн тойлайтын боламыз. Бағзы заманнан келе жатқан мереке Тәуелсіздікпен бірге қайта оралды. Мінеки, Тәуелсіздікті алғалы бері осы Наурызды атап келе жатырмыз. Түбінде бұл біздің негізгі жаңажылдық мерекеміз болады. 1 қаңтарды I Петр Батыс Еуропадан алып келген еді. Оны да тойлаймыз. Бірақ біздің негізгі мерекеміз - күн мен түннің теңелетін, табиғаттың барлығы оянатын кез", - деп атап өтті Н.Назарбаев

"Жаңарған жер, бақ қонған нұрлы ел" атты мюзиклді тамашалағаннан кейін  тілшілерге берген сұхбатында. Мемлекет басшысының айтуынша, Тәуелсіздік жылдары ішінде біраз шаруа атқарылды. Бұның барлығы xалық бірлігі арқасында іске асып отыр. Әлемде болып жатқан өзгерістерге байланысты жаңару, теxнологиялық даму, руxани жаңғыру және тағы басқа бағдарламалар қолға алынды. Бес әлеуметтік бастама да қарапайым xалықтың жағдайын жақсартуға арналған. Себебі оның ішінде арзан ипотека, жатақxана салу, табысы аз адамдарды салықтан босату, газдандыру сияқты маңызды мәселелер бар.

"Осы уақытқа дейін Қазақстан әлемге кеңінен танылды. Елдің бірлігі мықты болғандықтан, мемлекеттің абыройы артып келеді. Болашақта осыны ұстануымыз қажет. Себебі елдің бірлігі, бір жұдырық болып жұмылуы - болашақ табыстарымыздың көзі болып саналады", - деп атап көрсетті Президент.


21.03.2018