Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

21.02.2019

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ерболат Досаев Алматыдағы көп балалы аналармен кездесті


Кездесу Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің халықпен есеп беру кездесуінен кейін өтті. Ерболат Досаев аналардың барлық сұрақтар мен ұсыныстарын жеке тыңдап, аз қамтамасыз етілген көп балалы отбасыларды әлеуметтік қолдаудың қосымша механизмдері әзірленіп жатқанын айтып берді.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Үкіметтің жанындағы жұмыс тобы өз алдына негізгі бағыттарды анықтап, белгілі бір жолмен жұмыс істейді. Бұл атаулы әлеуметтік көмек алуға қол жетімділікті жеңілдететін көпбалалы отбасыларға жәрдемақы төлеу механизмін жетілдіру. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға арналған тұрғын үй жағдайын жақсарту тұрғысында муниципалды жалдамалы тұрғын үйге қол жетімділікті арттыру мүмкіндігі жеке қарастырылады.

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек тұрғындармен есеп беру кездесуінде қаланың көпбалалы отбасыларын қолдау бойынша бірқатар жүйелі шаралар ұсынды. Сонымен, «Бақытты отбасы» бағдарламасының аясында аз қамтылған отбасылардан шыққан үздік студенттерге стипендия төленетін ұсыныстар берілді деп жеткізді.

Бұдан басқа, аз қамтылған отбасылар үшін, екінші баладан бастап, балабақша тегін болады. Мегаполисте «Бақытты отбасы» арнайы әлеуметтік тұрғын үй бағдарламасы іске асырады.

21.02.2019