Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

20.04.2018

«Мирас» республикалық қоғамдық кеңес мүшелері Алматыда


Ағымдағы жылдың 20 сәуірінде Елбасының «Жоғары оқу орындарының қолжетімділігі мен сапасын арттыру және студенттік жастардың өмір сүру жағдайларын жақсарту», «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» үнеуін талқылау мақсатында «Мирас» Республикалық кеңес төрағасы, «Нұр Отан» ХДП мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан бастаған делегаттар Алматы қаласы Бостандық ауданында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Қ.И. Сәтпаев атындағы ҚАзҰТУ жұмыс сапарымен болып университеттердің профессорлық- ұстаздар құрамымен кездесіп студенттердің тыныс тіршілігімен танысты.

           

Аталмыш іс сарапшылар құрамында Республикалық «Мирас» кеңесінің хатшысы Гүлнәр Нұрахметханова, Қайым-Мұнар Табеев,   «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері, Бостандық ауданы бойынша Алматы қаласы Мәслихат депутаты Ислам Байрамуков, «Нұр Отан» партиясы  аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары- Баймұрат Жамбылов болды.

           

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті кампусында 1287 орындық жаңа жатақхана салуды жоспарлап отыр.

Бұл мәселе «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Мирас» республикалық кеңесінің төрағасы,Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан бастаған делегациямен талқыланды.

           

Жастарға деген мемлекет қамқорлығын Елбасы өзінің 5 әлеуметтік бастамасында «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» тиесілі болады деп көрсетті. Қазір жыл сайын бөлінетін 54 мың грантқа қосымша 2018-2019 оқу жылында тағы 20 мың грант бөлу керек. Оның 11 мыңы техникалық мамандықтар бойынша бакалаврлық білім беруге, яғни төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жаңа экономикада зор сұранысқа ие болатын сан мың жаңа маманды даярлауға 2022 жылдың соңына дейін студенттерге арнап кемінде 75 мың орындық жаңа жатақхана салуды тапсырды. Бұл алдағы жылдарда өсе түсетін сұранысты ескергеннің өзінде жатақхана тапшылығын біржола шешуге тиісті деді.

        

Статистика бойынша Алматыда 50 мыңнан астам студентке жатақхана қажет. Осыған байланысты өткен жылы 2 мың орынға арналған 4 жатақхана салынды, 2020 жылға қарай тағы 20 жоспарлануда.

Жастар және әлеуметтік саясат мәселелері талқыланған кездесуде, ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов жалпы алаңы 45,5 мың шаршы метр болатын жатақхана құрылысы жоспары туралы әңгімелеп берді. «Бүгінгі күні 2-3 мың студентке жатақхана қажет, бірақ соңғы екі жылда ҚазҰУ өз инфрақұрылымын 40% -ға арттырды. Көптеген объектілер мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы жасалуда», - деді ректор.

          

Іс сапар барысында «Мирас» республикалық кеңестің өкілдері ҚазҰУ кампусымен танысты, Керемет ҚҚКО, №15 жатақхана мен докторанттар мен магистранттарға арналған жас ғалымдар тұрғын үй кешенін аралап шықты.

Аталған Жоғары оқу орындарына іс сапар кезде келесі мәліметтер алынды: 2017-2018 оқу жылында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де 17143 студент оқиды, оның ішінде 13775 грант бойынша. 5730 студент университеттің жатақханаларында тұрады. Қ.Сатпаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университетінде. 9949 студент оқиды. Оның ішінде 8545 студент гранттық негізде оқиды, университеттің 6 жатақханасында 1998 студент тұрады.

20.04.2018