Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

20.02.2019

Алматы әкімі халық алдында есеп берді


Бүгін Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек мегаполис тұрғындарына есеп берді.
Есептік кездесу Республика Сарайында  өтті, оған 3 мыңға жуық адам қатысты.



Шаһар басшысы өткен 2018 жылға қорытынды жасады және  келер жылдың жоспарларымен бөлісіп, тыңдаушылармен қойылған сұрақтарға жауап берді.
Сонымен қатар алып мегополистің әлеуметтік-экономикалық даму жоспары туралы әңгімеледі.



Жиналысқа ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ерболат Досаев, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, министрліктер, қалалық басқармалар өкілдері, аудан әкімдері, қалалық мәслихат депутаттары және тұрғындар қатысты.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін арнайы қоңырау орталығы ұйымдастырылды. Бұдан басқа, кездесу almaty.gov.kz сайтында және Алматы қаласының Әкімшілігінің әлеуметтік желілердегі тікелей эфирден өткізілді.

20.02.2019