2020 жылдың 13 шілдесі
Қазақстан Республикасындағы
ұлттық аза тұту күні
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

19.12.2019

Алматыда қазақстандық еріктілер слеті өтті


Алматыда Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген  еріктілердің (волонтерлардың) республикалық слеті өтті.

 

Іс-шара Жастар жылының аяқталуына және  Еріктілер жылының басталуына орайластырылды. Үш күн бойы жастар қозғалысы жетекшілерімен семинар, тренинг және пленарлық отырыстар өткізді.

Шара барысында Қазақстанның ең үздік еріктілері де марапатталды. «Дайындық өте ұзақ болды. Бірақ күту тұрарлық еді. Еріктілердің кездесуі біздің топты одан әрі біріктіре түсті, біз оған өте қуаныштымыз. Жасалған жұмыс туралы кері байланыс алу өте жақсы. Әлі де мыңдаған алғыс хаттар, әлеуметтік желілердегі белгілер түсіп жатыр. Мұндай слет бірнеше рет өтеді деп сенеміз. Бұл біздің дәстүрге айналады», - деді ұйымдастырушылардың бірі Камила Зейналова.

Айта кету керек, жақында 10 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен Жастар жылының жабылуы және еріктілер жылының басталуы өтті. Өз сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жастарға үн қатып, мемлекет оларды барлық бағытта қолдайтынын атап өтті.


19.12.2019